Жастар-кез келген мемлекеттің ең үлкен күші және болашағы.Әрбір елдің дамуы мен өркендеуі ең алдымен сол елде өсіп келе жатқан жас ұрпаққа байланысты.Сондықтан жастардың білімді,саналы,тәрбиелі болып қалыптасуы қоғам үшін өте маңызды
Жастар-жаңа идеялардың,жаңашыл ойлардың иесі.Олар қоғамға жаңа көзқарас әкеледі ғылым мен технологияны дамытады, мәдениет пен өнерді алға жылжытады.Қазіргі заманда білім мен ақпарат өте маңызды болғандықтан,жастардың білімге ұмтылуы елдің дамуына тікелей әсер етеді.Білімді жастар-мемлекеттің болашағын жарқын ететін басты күш.Сонымен қатар жастар елдің рухани құндылықтарын сақтап,ұлттық мәдениетті дамытуға да үлкен үлес қосады.Олар өз тілін, дәстүрін тарихын құрметтеп,оны келесі ұрпаққа жеткізуі тиіс.Өз елінің тарихын білетін,мәдениетін бағалайтын жастар ғана нағыз патриот болып қалыптасады.Жастардың қоғамдағы рөлі тек білім алумен ғана шектелмейді. Олар қоғамдық өмірге белсенді қатысып, түрлі жобалар мен бастамаларды жүзеге асырады.Қоғамдық ұйымдарда жұмыс істеп, еріктілікпен айналысып,өз елінің дамуына үлес қосады.Осындай белсенділік жастардың жауапкершілігін арттырып,оларды нағыз азамат ретінде қалыптастырады.Бүгінгі жастар-ертеңгі дәрігер,мұғалім,ғалым,инженер және мемлекет басқаратын азаматтар.Сондықтан мемлекет те жастарға үлкен мүмкіндік жасап, олардың білім алуына, дамуына және өз қабілеттерін көрсетуіне жағдай жасауы керек.Ал жастар өз кезегінде осы мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып,еңбектеніп, елге қызмет етуге ұмтылуы қажет.
Қорытындылай келе,жастар-елдің ең үлкен байлығы және болашағы.Егер жастар білімді,еңбекқор және отаншыл болса,онда елдің болашағы да жарқын болады.Сондықтан әрбір жас өз білімін жетілдіріп,қоғамға пайдасын тигізуге тырысуы тиіс.Еліміздің болашағы-бүгінгі жастардың қолында.
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
- Виктор Франкл
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі