Қазіргі қоғамды телефонсыз елестету мүмкін емес. Адамдар күнделікті өмірде бір-бірімен байланысу, ақпарат алмасу, білім алу және түрлі жұмыстарды атқару үшін телефонды пайдаланады. Бірақ бұл құрылғы бір күнде пайда болған жоқ. Телефон аппаратының дүниеге келуі ғылым мен техниканың ұзақ ізденістерінің нәтижесі болды. Сондықтан оның тарихы мен маңызы ерекше.
Телефонды алғаш ойлап тапқан ғалым – Александр Грэм Белл. Ол 1876 жылы 7 наурызда телефон аппаратына ресми патент алып, адам дауысын электр сигналы арқылы жеткізетін құрылғыны таныстырды. Осы күннен бастап телефон байланыс құралы ретінде дамып, уақыт өте келе жетілдіріле түсті. Бүгінде қарапайым телефон үлкен мүмкіндіктерге ие заманауи смартфондарға айналды.
Әр нәрсенің жақсы жағы мен жаман жағы болатыны белгілі. Телефонның да адам өмірін жеңілдететін көптеген пайдасы бар.
Телефонның пайдасы:
1. Уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.
2. Алыстағы жақындарыңмен бейнеқоңырау арқылы сөйлесіп, олардың жағдайын білуге болады.
3. Қызықты сәттерді суретке немесе бейнеге түсіріп, естелік ретінде сақтауға болады.
4. Телефон арқылы білім алып, түрлі ақпараттарды оңай табуға және жұмыс істеуге мүмкіндік бар.
5. Карта қосымшаларын пайдаланып, кез келген жерді оңай табуға болады.
Сонымен қатар телефонды шамадан тыс пайдалану кейбір мәселелерге де алып келеді.
Телефонның кемшілігі:
1. Телефонның денсаулыққа әсері зор. Әсіресе ұзақ қарау көру қабілетінің нашарлауына әкелуі мүмкін.
2. Заманауи смартфондардың пайда болуымен телефонға тәуелділік көбейді.
3. Әлеуметтік желілер арқылы адамдарды қорқыту немесе кемсіту жағдайлары көп кездеседі.
4. Қазіргі қоғамда кейбір адамдар әлеуметтік желідегі өмірге шамадан тыс еліктейді, бұл кейде отбасылық түсініспеушіліктерге себеп болады.
5. Интернет алаяқтарының саны да артып келеді.
Телефон – қазіргі таңда маңызды құралдың бірі. Ол адамдардың өмірін жеңілдетіп, білім алуға және жұмыс істеуге үлкен мүмкіндік берді. Дегенмен телефонды дұрыс пайдалану өте маңызды. Егер оның пайдасын орынды қолдана білсек және зиянды тұстарынан сақтансақ, телефон өмірімізді жеңілдететін тиімді құрал болып қала береді.

- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі