Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Дорамалардағы өмір шынайы өмірге қаншалықты ұқсайды

«Дорамалардағы өмір шынайы өмірге қаншалықты ұқсайды?»

 

Дорама - жапондықтардың телехикаялары. Кейінде ол ұғымды корейлердің (Оңтүстік Корея), қытайлар, жапондардың және тайвандықтардың телехикаяларының барлығына қолдана бастады. Әр адам өзіне жағымды, өзі ұнататын жанрды таңдай алады. Бірақ ең танымал жанр - әрине,романтикалық, яғни махаббат жайлы дорама.

 

Дорама ұғымы манга және аниме ұғымдарымен тығыз байланысты, себебі сол манга мен анимелерден алынған оқиғалардан дорама түсіріледі. Ол дорамаларда Шығыс Азияның танымал адамдары, Шығыс Азия елдерінің шоу-бизнесінің атақты жұлдыздары, әртістері, актерлері, әншілері және атақты тұлғалары түседі. Солайша біз анимені тірі кейіпкерлермен, сол кейіпкердің рөлін орындайтын сүйікті актерларымызды көре аламыз, бірақ көп жағдайда дорамалар манга немесе анимеге тәуелсіз дербес туынды ретінде болады. Дорама көп жағдайда жас аудиторияға арналып түсіріледі, себебі онда жас әрі әдемі актерлер (кейде поп-айдолдар).Дорамалардың телехикаялардан айырмашылығы тек қана оның Шығыс елдерінің түсіргендерінде ғана емес, оның басқа да ерекшеліктері баршылық. 

Дораманың телехикаялардан айырмашылығы : 

● Эмоция мен мимикаға ерекше назар аударылады, яғни дорамаларда актерлардың эмоцияны нақты көрсетуі беріледі.

● Көреремендер аудиториясының көп бөлігін қыздар құрайды, бірақ басқа да әйелдерге де, еркектерге де қызықты дорамалар да аз емес. 

● Онда нәзіктік, сүйкімділік, сезімталдық, бала қылықтары жиі кездеседі.

● Рейтингі телехикая біткеннен кейін соңында емес, әрбір топтама (серия) рейтингісі анықталып отырады. Сол бойынша дорамаға қызығушылығы анықталып, оған деген көзқарас қалыптасады.

Дорама тек жанрға ғана бөлінбейді. Ол шығаратын еліне де, мазмұнына да байланысты бөлінеді. Шығаратын елдеріне Жапон, Оңтүстік корея, Қытай, Тайвань, Тайланд, Гонконг, Индонезия, Вьетнам кіреді. Әр ел өз ойына қарай әртүрлі қылып шығаруы мүмкін. Соған орай әр елде актерлер ойыны да өзгеше.

Дорамалардың көрермендері тек Шығыс Азиядан ғана емес, басқа елдерден болады. Алайда Шығыс Азия елінен көрермендер өте көп. Бұл дорамалар корей, жапон және қытай тілдерінде түсіріліп, шығарылады. Көп жағдайда көрермендері бұл тілдерді түсінбейді, ал ресми телеарналарда дорамаларды көрсетпеуі мүмкін. Соған байланысты біршама аудармашылар тобы бар. Олар фансаб топтары (орыс. фанаткие сабы табынушылардың жазулық аудармасы) деп аталады. Фансаб топтары көбінесе тікелей корей тілінен аудара алмауына байланысты, әдетте оның ағылшынға жазбаша аударылуын күтеді және содан ағылшын тілінен орыс тіліне аударады.Қазақстанның ресми телеарналарында Оңтүстік Кореялық телехикаялар көрсетіледі. Әдетте бұл телехикаялар – өз отанында рейтингі жоғары, көрермендерімен бағаланған дорамалар. Оларды "Хабар", "Астана", "Ел арна", "Қазақстан" арналары қазақ тіліне аударып көрсетеді. Дораманы әрбір адам әр түрлі жолмен көреді. Мысалы: Мен ADrama деген қосымшада дораманың бөлімдерін жүктеп алып көремін. Бұл қосымшаның жағымды жағы - дорама бөлімдерін оффлайн көре алу. Яғни дораманың қалаған бөлімдерін жүктеп алып, қалаған уақытта интернетсіз көре аламын. Дораманың көптеген жанрларын сүйіп көремін. Бірақ ең қатты ұнайтыны - ол Қытай елінің фэнтези, сянся, уся, сверхъестественный жанрлары. Дегенмен, дорамалардағы өмір шынайы өмірге толық ұқсамайды, себебі көптеген сюжеттер көрерменді қызықтыру үшін әсіреленіп беріледі.

 

Осылайша, дорамалар шынайы өмірдің кейбір тұстарын көрсеткенімен, олардың негізгі мақсаты — көрерменге әсерлі әрі қызықты оқиға ұсыну.

Қорытындылай келе, дорамалардағы өмір шынайы өмірге толық ұқсамайды, бірақ олар адамдарға түрлі эмоция сыйлап, жаңа әсер алуға мүмкіндік береді.


WhatsApp Telegram

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.