Астанадағы ең-ең көшелер - Жантаев Райымбек

Астана - бас қала. 

 Астана қаласы 1830 жылы "Ақмола бекінісі" ретінде Шубин атты орыс полковнигімен қаланған. Бұл қаланың тарихы, өте бай, әрі қаныққан. Осы мақалада мен Астана қаласындағы көшелер туралы атап кетемін.

 

Ең көше көше.

  Астана қаласындағы ең көне көше деп - Кенесары Қасымұлы көшесін атаймыз. Ол көше Ақмола бекінісі салынған кезде,  1830 жылы "Үлкен Ақмола" (Большая Акмолинская) деп салынды. Оның сол кездегі ұзындығы – 2890 метр болған.

Кенесары Қасымұлы (1802–1847)  - мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837–1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, Қазақ хандығының соңғы ханы (1841–1847).

Ең үлкен көше.

 Астана қаласындағы ең үлкен көше деп - Тұран даңғылын атайды. Неге десеңіз, оның ені, тіпті 65 метрге дейін жетеді. Тұран даңғылы Сарыарқа даңғылынан басталып, Қарқаралы тас-жолында аяқталады.

Тұран – Түркістан өлкесінің көне атауы.

Ең ұзын көше.

 Астана қаласындағы ең ұзын көше деп - Қабанбай батыр даңғылын айтады. Оның ұзындығы - 25 километрден асады. Ол Александр Бараев көшесімен басталып, қаланың шетіне, Халықаралық Әуежайға дейін созылады.

Қабанбай батыр (1692-1770) – батыр, дарынды қолбасшы. Азан шақырып қойылған есімі — Ерасыл. Қабанбай Найман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан тараған.

Ең тұрақты көше.

Астана қаласындағы атауы бойынша ең тұрақты көше деп - Нұрмұхамбет Қожахметов көшесін айтамыз. Ол көше өз атын 12 ақпан 1965 жылдан бері өзгертпеді, және Н.Қожахметов атын 61 жыл бойы әлі сақтап жүр.

Нұрмұхамбет Қожахметұлы (туған жылы белгісіз – 1965 жылға дейін) – милиция кіші-сержанты, Ақмола батыры, «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері. 1959 жылы Есіл өзенінің үстіндегі көпірдің құлаған кезде кезекшілікте болған екі милиция қызметкерлерінің бірі.

Ең жас көше.

Қазіргі өсіп жатқан үлкен қаламызда көптеген жаңа көшелер ашылып жатыр. Олар әсіресе қаланың сол жағалауында орналасып жатыр.

Ең қысқа көше.

Астана қаласындағы ең қысқа көше ол Қарамерген көшесі. Ол Астананың оң жағалауында орналасқан, және оның ұзындығы небәрі 60 метр.

Қарамерген - Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген, Іле өзені бойында XII-XIII ғасырда өмір сүрген ортағасырлық қала орны.

 

Бұл көшелер біздің сүйікті қаламыз үшін маңызды. Біз өз Отанымызды, тарихымызды, өз тілімізді ұмытпауымыз керек.


WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз