Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың тірілдім мәңгі өлмеске,
Айте бергім келеді , айта бергім ! – деп Жұбан Молдағалиев ақынымыз жырлағанындай биыл тәуелсіздік алғанымызға 24 жыл толып отыр. Бұрынғы Қазақстанды, қазіргі жаңарған Қазақстанмен салыстыруға келмейді десек қателеспейміз. Осы күнді барша қазақстандықтар тойлайды. Бірақ осы тәуелсіздік қазақтарға оңай келген жоқ. Қазақ бұл дүниеде не көрмеді?
Тарих беттерінің парақтарын ақтарсақ, сонау «Ақтабан шұбырындыды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, қойша қырылған «репрессия » жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең далада өмір сүруі қауіпі тұрды.
Тағы да бір қиын кезеңі жоңғар шапқыншылығының да қырғыны қазақтарға оңай болмағаны белгілі. Қанша азапқа түссе де, қуғын – сүргінге ұшырса да, қазақтың үш жүзі қайта бірігіп жоңғарларға соққыны аямай бере отырып жеңді. Одан қаншама жылдар патшалық Ресейдің отарлауында болдық. Ең ақыры кешегі дүркіреп өткен 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы бізге өз тәуелсіздігімізді алып берді. Желтоқсан десе - сол оқиғаға қатысқан ұлтымыздың ұлмен қыздары көз алдыма келеді. Өйткені қаншама жалындап тұрған жастарымыз өз өмірлерін тәуелсіздік үшін қия білді. Солардың арасынан Қайрат, Сәбира, Ләззат есімді аға-әпкелеріміздің есімдерін айтпай кетуге болмайды. Бұл біздің білетіндеріміз ғана. Ал аты аталмай кеткен аға-әпкелеріміздің саны қаншама десек те болады.
Тәуелсіздік алғаннан кейін Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Қазақ халқы елбасының бастауымен біраз белестерді артқа тастап қиындықты жеңе білді. Осылайша Қазақстанның аты әлемге танылды. Қазір біз елбасымыздың дұрыс ұстанған саясатының астында көп ұлттармен тату-тәтті өмір сүріп келеміз. Елімізде жұмыссыздық азайып, зейнетақы да уақтылы берілетін болды. «Болашақ» бағдарламасымен жастарымыз жоғарғы оқу орындарына түсіп шетелде білім алып жатыр. Денсаулық сақтау мен білім салаларына да оң өзгерістер еніп халқымыз күн өткен сайын қарқынды даму үстінде .Біз болашақтың иесі болатын жастар, елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастаған бағытын қолдай отырып әлі де алға басамыз деген сенімдемін. Ендеше мереке қарсаңында барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтаймын. Еліміз әрқашан аман болсын. Ал тәуелсіздігіміздің көк туы аспанымызда желбірей берсін! - демекпін.
ОҚО. Түлкібас ауданы, Еңбек ауылы
Жамалбек Мадина 5-сынып оқушысы
жетекшісі Ә.А.Сейдалиева
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Акико
Мынаны бесінші сынып оқушысы дегенне сене алмай отырмын
Жарайсың