Өлең, жыр, ақындар

Мамонт адамдардың Арктикаға 45 мың жыл бұрын барғанын анықтады

Ресейлік ғалымдар мамонттың және ежелгі қасқыр қаңқаларының арқасында адамдар Арктикаға 45 мың жыл бұрын барғанын анықтады, бұл осыған дейінгі мәліметтен 15 мың жылға ертерек.

Владимир Питулько басқарған РҒА Санкт-Петербордағы материалдық мәдениет Институты ғалымдар тобының зерттеулерінің нәтижелері жұма күні американдық Science журналында жарияланды, деп хабарлады interfax.ru.

Зерттеушілер Енисей өзенінің сағасындағы Сопочная Карга мүйісінен табылған мамонттың және Яна өзенінен табылған қасқырдың сүйектеріне сараптама жүргізді. Екеуінде де адам қолының ізі болған.

"Мамонт та, қасқыр да осыдан 45 мың жыл бұрын мекендеген. Ендеше бұл кезде адамдар Арктикада тұрған. Бұрын бұл уақыт 15 мың жылға кейінірек болған ", - делінген ФАНО хабарламасында.

Фото: © Pitulko et al. / Science 2016 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар