Африканың 30-дан астам елі, бірқатар Азия және арал елдері әлемдегі ең аз дамыған елдердің тізіміне енді. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясында (ЮНКТАД) нашар дамыған елдер туралы баяндамада айтылған.
Тізімде 47 мемлекет бар. Бұл негізінен Африка елдері, оның ішінде Ангола, Бенин, Буркина-Фасо, Бурунди, ОАР, Чад, Конго Демократиялық Республикасы, Джибути, Эритрея, Эфиопия, Гамбия, Мадагаскар, Мали, Судан, Оңтүстік Судан, Уганда, Замбия және басқалар. Сондай-ақ тізімге Мұхит аралдары Кирибати, Тувалу, Вануату, Соломон кірді. Үшінші топ — Азия елдері: Ауғанстан, Бангладеш, Камбоджа, Лаос, Мьянма, Непал, Йемен және Бутан.
«Біз барлық елдерді үш критерий бойынша талдаймыз», — деп түсіндірді ЮНКТАД өкілі Шантал Карпентье, — «Біріншіден, бұл жан басына шаққандағы табыс, біз бұл көрсеткіші 1230 доллардан төмен елдерді қарастырамыз.
Бірақ бізге басқа да көрсетікштер қажет, өйткені өте кішкентай елдер бар және егер олардың азаматтарының бірі, мысалы, футболшы болып мемлекеттен кетсе, өте үлкен жалақы алатын болса, онда бұл бүкіл мемлекеттің көрсеткішін өзгертеді», — деді ол.
«Сондықтан біз сонымен қатар тамақтану, денсаулық, білім және сауаттылық көрсеткіштеріне негізделген адам ресурстарының әлсіздік критерийін және экономикасының осал тұстарын яғни климаттық, ауыл шаруашылық, экономикалық көрсеткіштерін, табиғи апатқа ұшырау жағдайын талдаймыз», — дейді өкіл.
Осы есеп негізінде және тұрақты даму мақсаттарын басшылыққа ала отырып, БҰҰ осы елдердің басшыларына жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеуде. Ең алғаш баяндама құрылған уақыттан теріс рейтинг тізімінен тек бес мемлекет қана шықты — Ботсвана, Кабо-Верде, Экваторлық Гвинея, Мальдивтер және Самоа.
Керімсал Жұбатқанов, тарих ғылымдарының кандидаты
БҰҰ күні: ұйымның халықаралық құрамының тарихы және оның ресми тілдері
Әлемнің қай елдері «сәтсіз мемлекеттер» деп танылды
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Айша♡
ойланатын нәрсе