Өлең, жыр, ақындар

Атмосфераға 10% оттегі өндіріп шығаратын бактериялардың жойылуы

Мұхиттың пластикпен ластануы Prochlorococcus бактерияларының жойылуына себеп болады. Ал бұл бактерия атмосфераға 10% оттегі өндіріп шығарады.

Маккуори университетінің ғалымдары мұхиттың пластикпен ластануы атмосферадағы барлық оттегінің 10%-ға дейін өндірілуіне жауап беретін Prochlorococcus бактерияларына жаман әсер (тіпті өлімдеріне де себеп болады) ете отырып, үлкен қауіп тудыратындығын анықтады. Олардың зерттеулері Communications Biology журналында жарияланған болатын.

Prochlorococcus — бұл 30 жыл бұрын ашылған кішкентай цианобактериялардың түрі. Бұл түрдің өкілдері планетамыздағы ең кішкентай фотосинтез жасайтын ағза ғана емес, сонымен қатар ең кең таралған ағзалардың бірі. Кейбір зерттеулерге тоқталатын болсақ, мұхитта үш октиллионға дейін Prochlorococcus бар көрінеді, әрі олар суды сау күйінде ұстап қана қоймай, біз тыныс алатын оттегінің айтарлықтай мөлшерін (шамамен 10%) бөліп шығара алады.

Зерттеушілер цианобактерияның екі түрлі штаммын алып, оларды зертханалық жағдайларда пластикалық өнімдерден бөлінетін химиялық заттардың әсеріне ұшырауын бақылап, тәжірибе жүргізіп көрді.

Тәжірибе нәтижесіне сүйенетін болсақ, химиялық заттар бактериялардың өсуіне кедергі келтіріп қана қоймай, олардың фотосинтезге деген қабілетін төмендетеді екен, сондай-ақ гендердің бір бөлігін өзгеріске ұшыратады. Яғни мұның соңы Prochlorococcus бактериясының өліміне әкеліп соғады екен.

Бұл уақытқа дейін Беркли университетінің химиктері пластиктің жаңа түрін жасап шығарды, олардың айтуынша мұндай өнертабысты шексіз мәрте өңдеуге болатын көрінеді. Ал материалды молекулалық деңгейде ыдыратып, сапасын жоғалтпастан жаңа өнімдерді жасауға болады.

Оқуға кеңес береміз:

Пластикалық ыдыстардың зияны

Пластикалық ыдыстардағы қауіп

Пластикалық бөтелкедегі суды сатып алар алдында нені тексеру қажет?


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар