Британдық Оксфорд университеті тұңғыш рет әлемдегі үздік ЖОО-лар рейтингінде көш бастады. Англияда жарық көретін Times Higher Education (THE, "Таймс хайер эдьюкейшн") журналында басылған тізімде осы жаһандық зерттеу қорытындысы жарияланып келе жатқан соңғы 12 жыл ішінде АҚШ бірінші рет THE World University Rankings 2016-17 нәтижесі бойынша үздік ЖОО-лар рейтингінің басынан сырғыды, деп жазады ТАСС.
Соңғы 5 жыл бойы рейтинг басынан түспеген Калифорния технология институты тізімнің 2 қатарынан орын алды. Ал 3-тен 9-шы қатарға дейінгілер былтырғы орнында қалды.
Үшінші орында - Стэнфорд университеті (АҚШ). Одан кейінгі орындарда Кембридж университеті (Ұлыбритания, 4), Массачусетс технология институты (АҚШ, 5), Гарвард университеті (АҚШ, 6), Принстон университеті (АҚШ, 7), Лондонның имперлік колледжі (Ұлыбритания, 8), Цюрихтегі Швейцар федералдық технологиялық институты (9), Берклидегі Калифорния университеті (АҚШ) тұр.
Зерттеуге барлығы 980 ЖОО қатысты.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі