Түрік археологтары Моңғолиядан 1300 жыл бұрынғы саусақ іздерін тапты. Археологиялық қазба Тоныкөк ескерткішінің маңайынан табылған, деп жазады kaztrk.kz.
Бұл туралы археологиялық зерттеу жұмыстарының жетекшісі түркиялық профессор Ахмет Ташагыл TIKA-ның баяндамасында мәлімдеді.
«Біз бірқатар археологиялық жаңалықтарды аштық. Алайда, олардың ең елеулісі - 1300 жыл бұрын бедерленген саусақ іздерін тапқанымыз. Бұл - өте қызықты тарихи жаңалық», - дейді профессор Ахмет Ташагыл.
Тоныкөк ескерткіші - Түркі әлемінің тарихындағы ең ежелгі мұраның бірі. Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған археологиялық жұмыстарды іске асыруға жәрдемдесу мақсатында аймаққа 11 шақырым тасжол салдырған.
Сондай-ақ, Тоныкөк ескерткішінің маңайына музей салу жоспарлануда.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі