Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 5 наурызға жоспарланған демалыс күні 7-сіне ауыстырылады. Бұл туралы премьер министрдің ресми сайтында хабарланды.
Қызметкерлер мен еңбек етушілердің күш-жігері мен жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында, Үкімет қаулысымен 2016 жыл наурыз айының 5-сі сенбі күні 7-ші наурыз дүйсенбі күніне ауыстырылады,-делінген хабарламада.
Сондай-ақ, қазақстандықтар 8-ші наурыз Халықаралық әйел күнінде де демалады. Кәсіподақтардың өзара келісімі бойынша,7 наурыз күні тек мына ұйымдарға жұмыс күні болуы мүмкін. Бұлар: еңбек , материалдық және қаржылай ресурстармен қамтамасыз етілген қажетті тұтыну тауарларын шығаратын ұйымдар, сондай-ақ, құрылыс обьектілеріне қаржылық қызмет көрсететін мекемелер. Бұл күні жұмыс істегендерге ҚР еңбек заңына сәйкес ақы төленеді.
Сонымен қатар, 19-23 наурыз аралығын да демалыс қылу жоспарланып отыр. Еске сала кетейік, 2016 жылы қазақстандықтар 121 күн демалады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі