Өлең, жыр, ақындар

Ер азаматтың үш жұрты

Қазақ халқының дәстүрі бойынша әр азаматтың үш жұрты болады. Олар: өз жұрты, нағашы жұрты және қайын жұрты. Бұл ұш жұрт та жанашыр, сүйеніш, қорғаныш болып саналады. Қазақ халқы бұл үш жұртқа былай баға берген.

Өз жұртың

Күншіл, бар болсаң көре алмайды, жоқ болсаң бере алмайды, жақсы болсаң күндейді, жаман болсаң жүндейді.

Қайын жұртың

Міншіл, қолыңның ұзындығына қарайды, жағаңның қызылдығына қарайды. Берсең жағасың, бермесең дауға қаласың.

Нағашы жұртың

Сыншыл, жақсылығыңа сүйінеді, жамандығыңа күйінеді. Әрқашан тілеуіңді тілейді, тілеуқор, қамқоршы болады.

Бұл айтылғандар бекер емес, шындығы бар нәрселер.

Туыстық негіз бен атаулар осы үш жұрттан басталып, жақындық қатынас ағайын, туыс, нағашылы-жиенді, ілік, жамағайын, жекжат, жұрағат, құдандалы деп аталады. Мұның барлығы туыстық атаулар деп аталады.

Қазақтар үш жүзге, тайпаларға, руларға бөлінгенімен, бірін-бірі бөтен санамаған. "Сұраса келе қарын бөле шығармыз", - деп аты-жөнін, туыстық қатынасын да сұрастырып, біліп отыру дәстүрге айналған.

"Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл", - дейді. Бұл - қазақ үшін бұлжымас заң.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Жанайым

Пайдама жарады, рахмет!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз