ОҚО Шымкент қаласы №103 ЖОМ
5 «Ә» сынып оқушысы: Абдижаппар Балжан
Сынып жетекшісі: Амиреева Айгүл Дадиловна
Менің туған жерім - Бәйдібек ауданы, Боралдай ауылы. Мен өзімнің туған жерімді қалай жақсы көретінімді, сүйетінімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Мен туған жерімнің топырағын, тасын, сарқырап аққан өзенін де сүйемін. Өз елімнің кәрісін де, жасын да сүйемін. Сүйемін салқын кештерін, соққан самал желдерін. Туған жерімнің сіркіреп жауған нөсерлі жаңбырын, аспанның күркірегенін, көкшіл аспанын сүйемін. Ойлы-ойлы қырларын, ауылымдағы достарымды сүйемін. Ақылгөй қарттарын, асыр салған жастарын, ержүрек ерлерін, сұлу қыз- келіншектерін бәрін-бәрін сағындым. Маңыраған қойларын, шаңдатып жүгірген жылқыларын да сүйемін. Жайқалған гүлдерін, шүйгін шөптерін, қасиетті кесенелерін де сүйемін. Сүйемін, туған жерімнің жылысып өткен жылдарын, әрқашан қарыздармын. Мен Отанымды өмірімнен де артық сүйемін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі