ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жауап беру кезінде министрлік мамандары түрлі өнертабыстар бойынша патенттер тіркелгенін хабарлады. Оның ішінде WI-FI арқылы басқарылатын шәйнек те бар көрінеді. Атап айтқанда, шәйнекті қашықтықтан сымсыз байланыс арқылы басқаруға мүмкіндік жасалып отыр.
Сонымен қатар еліміздің өнертапқыштары көлік жүргізушісінің аяқ киімін бүлініп қалудан қорғайтын арнайы құрылғыны патенттеді. Өнертапқыштардың сөзіне қарағанда, осы құрылғы арқылы жүргізушілер аяқ киімдерін тозудан сақтай алады.
Мұнымен қоса, жолдағы қиылыстарда көлік құралдарының айналу маневріне арналған құрылғының патенті тіркеуге алынды.
Бұл пайдалы әдіс көлік қозғалысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласына негізделген. Осы құрылғы арқылы жылдың кез келген мерзімінде көліктер айналған кезде жолдағы қауіпсіздікке тиісті үлесін қосуға қауқарлы.
Атап айтқанда, көліктің артқы шынысының сол жақ ішкі бөлігіне қосымша құрылғы орнатылады. Яғни, құрылғыны іске қосқан кезде көліктің бұрылып, айналатындығы туралы үзік-үзік жарық белгілері көрінеді. Осылайша бұл көліктің артында келе жатқан машиналарға ескерту жасалады.
Автор: Руслан Ғаббасов
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі