Өлең, жыр, ақындар

2017 жылдан бастап ҰБТ екіге бөлінеді - БҒМ

2017 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеу мектептік және ЖОО болып екіге бөлінеді. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев осылай мәлім  етті.

«Ұлттық бірыңғай тестілеуді биыл 2 мәрте тапсыруға болады. Ешбір мемлекетте мұншалықты жоғары әлеуметтік бағаға ие емтихан жоқ шығар. Сондықтан, біз ҰБТ-ны қайта тапсыру әлемуеттік күйзелісті басуға мүмкіндік береді. Екіншіден, колледждер түлектері де ҰБТ-ны қайта тапсыра алады. Қазір оны шілде-тамызда тапсырып жүр, енді біз оларға оны келесі жылдың қаңтарында - 2017 жылы қайта тапсыруға мүмкіндік береміз», - деді министр. Оның айтуынша, колледж түлегі шартты түрде жоғары оқу орнына қабылдануға құқылы болады.

«Қазір біз осындай ережелерді дайындап жатырмыз және ЖОО аясында қаңтарға арналған кешенді тестілеу әзірленуде. Егер ол осы кешенді тестілеуден өтсе, сәйкесінше оның қыркүйектен бастап қаңтарға дейін өткен кредиттері, оған есептеліп, былайша айтқанда ол бірінші курстың ортасына түседі, және мұны біз әділетті деп есептейміз», - деді Е. Сағадиев.

Министр сондай-ақ келесі жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеуді екіге бөлу жоспарланғанын атап өтті. «Мектеп бітіру емтихандары мектепке оралады, ал ҰБТ SIT (интеграциялық тесттер (System Integration Test) қарай ауысады. Бұл әділетті, себебі ЖОО-лары түлектің зияткерлік деңгейі мен ЖОО бағдарламасын меңгеру әлеуетін білуі қажет. Ал SIT  мұны анықтай алады. Сол себепті біз ҰБТ-нің жаңа бағдарламасын әзірлеп жатырмыз. Оны енгізген соң барлығы, олимпиада жүлдегерлері, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің түлектері - бәрі осы емтиханды тапсырады. Алғаш рет оны тегін тапсыру жоспарлануда. Сосын оны бірнеше ерт қайта тапсыруға болады. Кезең-кезеңмен ЭЫДҰ стандарттарына көшеміз. Мұны келесі жылдан бастап енгіземіз», - деді ведомство басшысы.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (83)

Пірәлі Ұлбала

Білім министрінің бұл шешіміне қарсымыз, ҰБТ-ға әрең дайындалып жатқанда тағы ЖОО-да тест тапсырамыз ба? Оның үстіне Қазақстанда қаншама ЖОО бар Әрбір ЖОО-ға тапсыру деген дұрыс шешім деп ойламаймын, Осы шешім өз күшіне енген соң жемқорлықтың көбейгенін сонда көреміз, Әрине бұл менің ғана ойым бірақ 2017 жылы осы жазған сөздерім естеріңізге түсетін болады ( Әрине ел қамын ойлаған министріміз бұл жазбаны оқыса((((((((()

Айдана Айтбаева

бұл шешім дурыс емес осындай болатын болса нагыз жемкорлыктын кокесі болады,негізі ұбт бурынгыдай бір рет болса жаксы

ммммммммм

ЖОО барғанда екі пәннен тапсырады деп еді ғой например биология тандасан химия, физика тандасан математика и.т.д

Галимова

ҰБТ га 100 % барады деген распа..жәнеде аттестат алу ушин 14 сабакка дайындалу керек пе?

Роза

Қайдағы......кайда барсада біреудің өзі жаксы, .......жақсы оқығанмен қалтасы қалыңдар көп.

Гулжан

Мен дурыс шешим кабылдаса екен. Жеке оз басым бул шешимге карсымын.

Сауле

Ия нағыз паракорлык енді басталады жоғарғы оқу орындарында. Мен бұл шешімге карсымын. Ойластырып кайта карау керек. Ақшасы бар оқып ақшасы жок қарай болады деген осы шығар

Асқар

Билікке барғандардың миы тетір, өкшесіне қарай кететіндеріне таң қаламын әрі осыны тегі түсіне алмадым.

Злиха

ҰБТ дәстүрлі форматта өткені дұрыс .Себебі, осы 11 сынып оқушыларына ҰБТ осы форматқа үйренді. Оқушылардың екі рет күйзеліске түсіру дұрыс емес.

камила

ҰБТ ға енді үйренгенде балаларға тағы бір күйзелістің түрін ойлап табу гой мынау

Алмагул

Ар министр келип реформа жасагысы келеди. Арким оз атын шыгаргысы келеди. Ештеме озгертудин кажети жок. Тек казирги убтнын сурактарын саралап, жаналаса болганы. ЖОО_на тесттер бир уакытта отсе ше? Талапкер баска да оку орнына багын сынай алмай калады гой. Грант сандары калай болинеди??? Сурак коп.... халайык, осында оз карсы пикирлеринизди жаза бериниздер. Министрликтин баспасоз хатшысы ести болса ескерер....

Мммммм

ҰбТ екі кезеңмен өткені дұрыс болды! ҰБТ негізінен 10жыл бойы өтіп жатыр,өзгеріс жасау керек, қызықсыз болып кетті, оның үстіне ұбт да жемкорлыққа жол берілуде

Алия

ҰБТ-дағы өзгерістер дұрыс емес,білімді түлектер емес қалтасы қалың түлектер ғана оқуға түседі ,Қазақстанның болашағы білімді жастардың қолында деген сөздері қайда қалды?

Арнұр Абдикадиров

Бұл дұрыс шешім деп ойлаймын, өйткені ҰБТ-дан көптеген қалталылар ақша беріп жоғарғы бал жинап грантка ілініп кетіп жатыр, көпке топырақ шашпаймын жағдайы төмендер олардан қалып ЖОО-ға грантка іліне алмай қалып жатыр. Оны бәріміз біліп жүрміз. Қысқасы Жемқорлық. Енді осы жүйені дұрыс деп ойлаймын. Карочеше артымнан әңгіме айтпаңдар. Маған жабылмаңдар бұл тек менің ойым ғой. Кетші бар

Шарапат

Оте дурыс.Керек Емес пандерге дайындаоып ЖОО га тусудын не керегы бар

Сәуле

Жалпы 2017 жылы өзгертілгелі отырған ҰБТ-ның фарматына тубегейлі қарсымыз,Өйткені ауыл мектептерінің білімінің сапасы сын көтермейді, оған қоса мұғалімдер өз абыройлары үшін енді оқушыға жақсы баға қоя береді, Ал дәстүрлі ҰБТ-да жауапкершіліктің басым бөлігі
мұғалімдерге түсетін, содан олар жан ұшыра оқушыларды дайындайтын рейтингте төмен болып қалмау үшін.
Дәстүрлі ҰБТ-ның артықшылықтары:
1.Мектеп өз рейтингтарының жақсы болуы үшін сапалы білім беруге тырысады
2.Оқушылар да жан жақты ізденеді курстар арқылы білімін жетілдіреді
3.ҰБТ-да егер оқушының материалдық жағдайы төмен бірақ білімді болса оған ешкім кедергі жасай алмайды бұл дегеніміз нағыз білімді жеңеді деген сөз
4.Соңғы уакытта жемкорлыкка да кез келген мұғалім бара алмайды өйткені ондай коррупцияны жойып жатыр.

Сәуле

ҰБТ-дағы өзгерістер дұрыс емес,білімді түлектер емес қалтасы қалың түлектер ғана оқуға түседі ,Қазақстанның болашағы білімді жастардың қолында деген сөздері қайда қалды?

Аружан

Сонда қалай? ЖОО-да тест бір кунде отсе шыныменде біз 1-ақ рет тапсырамызба? Осы кунге дейін түлектер конкурста 4ЖОО жане де 4 мамандықты жазуға мүмкіндіктері бар еді. Енді бізде қалай болмақ? Түк түсінсем бұйырмасын. Бізге ешқандай пайдалы жағын көріп тұрғаным жоқ. Неше пəннен тапсырамыз? Олда анық жазылмаған. Не істеп жатр өзі басшылар? Қай оқу орнына қанша грант бөлінгенін қайдан білеміз? Ээээх басқа түскенін көремізда енді. Біз не істей алар едік.

Даяна

мен карсы емеспин осылай болганы жаксы коринеди

Aknur

Ohooo buldegenin nagiz jemkorlik bolganigoi
Karapaim haliktin jagdai nege wette kalip koimak .Sonimen katar koptegen jumissiz ata-analarda bar al olardin perzentterinin omiri ne bolmak?
KAZAK elinin bolawagi jastardin kolinda ma alde kaltasi kalin adamdardin ba.Biz baska eldin teresimen endi kalaiwa ten bolamiz.Men bil bitiruwi sinnippin ,menin omirim, menin bolawagim ,menin armanim ,menin maksatim ,menin bilimim ,endi ne bolmak....

чаппи

Тұрғанымен далбаса,Отырып алып заң шығаруды біледі,Өздері екі әріптің басын қоса алмайды

Акнур

Мен биыл бітіруші тулекпын білім министрлігінне отинеримиз УБТ бұрынғыдай қала берсінші .

бббббб

ұбт бұрнғыдай болса екен

бббббб

ұбт бұрынғыдай болсыншы

Турлыхан

Нағыз жемкорлык

Ералы Ерболулы

ҰБТ болсыншы бурынгыдай

дамира

ол жаман ба сонда

Мерей

Убт болганы дурыс болар еди минмстир ауысып жылда бир жаналык шыгаратын болдыго

Ризат Калиев

Отініш ҰБТ болсыншы 2 бөлімнен тапсыратын болсақ қиынго)))

сымбат

экспо болатын жылы миды ашытпай кейынге калдырган дурыс еды мен осы убтга карсымын бурынгысы жаксы еды

Айко

10 жылдан бері оқушыларды ҰБТ ға дайындап жүрген мұғалімнің бірімін, тәжірибе жинадық, өз басым өзгеріске түбегейлі қарсымын, біріншіден 11 сынып оқушысы мектеп бітіретінін сезінеді, өзі үшін дайындалады ал биыл мектепте тапсырады дегенді естіп оны сезініпте жүрген жоқ, екіншіден жемқорлық жоқ, жақсы дайындалған оқушы міндетті түрде оқуға түседі, ал егер өзгеріс енгізілсе ЖОО нағыз жемқорлық орын алады, көбісі оқуға түсе алмайды. Сондықтан бұрынғы 5 пән дұрыс. Неге біз Еуропаға еліктейміз, рас ауылдық жерде 3 сменада оқимыз Алматының түбінде тұрып 3000 мың бала мектепке сыймайды,35-36 сыныпта қандай білім сапасы туралы айтуға болады басшылар осы жағын ойласа екен .....

Алма

Басымызды катырды абден;(

гуля

Бұл бекер әурешілік ҰБТбұрынғысынша қалғаны дұрыс.Әр келген басшы отырып алып сирақтан бүйрек шығармай

молдир

Бул деген таза жемкорлык болып тургой. Бурынгы УБТ жаксы еды. Буган тек мен емес барлык тулектер карсы деп ойлаймын. Бурынгыдай калсыншы. Быз еки рет куйзелиске тускимиз келмейды

турсынгул

Бұрынгыдай еш өзгеріссіз қалғаны дұрыс деген ойды мен де қостаймын. жалпы қарағанда, шынымен, ен алдымен халықтың көзқарасымен санасқан жөн. неге ен алдымен халықтын ойын билу ушин 11 сынып түлектері мен ұстаздар арасында анализ тестн жасамас ка? кайсысы коп дауыс жинайды содан кейн дұрыс шешим кабылданар. ҰБТ деген суицид болып кетти, ал озгертсе ол мүлдем сұмдық болмақ. суицидтын кокесын сонда көреміз. олай ауыстыратн болса, сол озине кол жұмсаған түлектер текке сондай қадамға барды деген сөз бе? коп нарсе ойландырады. окыган бала баринен озып шығады деген жок казир. бул омирдин ащы шындыгы. менин ойымша да 2 кезеңдік жаңа ҰБТ дұрыс емес. бұл да тек менин ойым.

Баян

Менде бул шешымге карсымын.неге халыкты ойлайтын ешкым жок байлар кутылып кетеды, ал карапайым халыкты кым ойлайды.УБТ болганы жаксы

Баян

Министрлерден тест алу керек гой казак тили нен диктант.

біз бұған 100 пайыз қарсымыз,әйтеүір заң шығара бе

ффффмммм

убт болсыншы

Убттыны озгертудин кажетти жок негизи

Жансерік Алпысбеков

Алдын тапсырғанда өте алмадым, енді қайта ұбтға дайындалып жүр едім, ауыссып кетсе өкінішті болады :-(

Саламат Нурсейт

Біз Қазақстан алға жылжудың орнына артқа қарай қадам басып келе жатырмыз. Бұрынғы 80-90 жылғыдай етіп емтиханды қайта енгізбек. Депуттаттар қызық, басқа өзгертетін зат таппағандай-ақ ҰБТ ға тиісіп. Басқаларды білмеймін мен өзім түбегейлі қарсымын бұл шешімге!!!

Нұрсұлтан

Білім төмендеп кететін болдығой!

Таннур

Демек ҰБТ болмайдығой ия.Негізі бұл шешім дұрыс болды.Бұрынғыдай ҰБТ дан түршігіп стрес алып қалмайсың.

Шахноза

Былай қарағанда ҰБТ ның өзгергеніде жақсы сияқты. Өйткені мумкүншіліктер көпқой. Ақшасы бар болсада жоқ болсада бұл жерде Білімді адам грантқа түсе алады.

ааа

убт бурынгыдаи болсын,,озгерткеннен биз киыншылык коремиз сендер еш киыншылык кормисиндер,,оиларына кегенди истегендеринди коиыныздаршы осы,оиыншык емеспиз биз сендерге

Гуля

Оте дурыс ар окушы озы дайындалуы керек рейтинг деп мектепте 10, 11кл торт панды гана окытады баска панлер мулде окытылмайды баска мугалимдер боска журеды

улжан

ұбт бурынгыша бола берсе дурыс болар еды убт болып грант санын кобеитсын сонда окушыларда киналмас еды осы жагыда каралса екен министрлыкте

ммммммм

не болсада нақты жауапты айтсыншы

Дарига

Убтнын калганы дурыс кой айтпесе бари акша болады гой,жагдайы жетпейтиндер не истейд сонда

Ақнұр Жұмадин

Меніңше бұл жаңалық биылғы жылғы түлектерге қиындық тудырары анық. 2017 жылғы түлектер осы уақытқа дейін , ҰБТ-ға дайындалып келді. Тандау пәнін таңдап, сол пәнді тереңдетіп оқып жатыр. Мектеп бітіруге 8 ай ғана қалды. Ал 2017 жылдың түлектері барлық пәннен дайындалып үлгермейді ғой. Бір жағынан да дұрыс шығар. Бірақ бұл жаңа формат бойынша 2017 жылғы түлектер емес, одан кейінгі түлектерге қолданылса деген ұсынысым бар. Олар 2-3 жылдын ішінде дайындалып үлгереді. Олар 10-сыныптан бастап тестке, таңдау пәні және негізгі пәндерді тереңдеп оқып келді. Оның үстіне ҰБТ-ға байланысты көптеген болжамдарды естіп, қалай дайындаларымызды білмей, абдырап қалдық.
Сондықтан билік тізгінінде отырған аға-апалар осы мәселені ескерсе екен деймін.

Дина

біз осы кезге дейін 5 пән мен дайындалдық не үшін 2017-жылы өзгеруі керек? Әлі де нақты жауап айтып жатқан жоқ ал біздің 8 ақ айымыз қалды неге бізді, 2017 жылғы түлектерді ешкім ойламайды.Еш болмаса бұл өзгерісті 2017 жылғы түлектерге емес, одан кейінгі түлектерге қолданылуы керек еді.

Ару Максаткызы

Бул мумкн емес кой битирумизге 8ай гана калды онын барине дайндалп улгермимиз!мен карсымын!!!

Мммммм

Ешкандай озгеристин кажети жок,убт болган дурыс,озгерткилергиниз келип жатса кейнрак озгертиниздер,2017 2018ж жас тулектер киналады,осы уакытка дейн только убт деп дайындалып келдик аз уакыттын ишинде калай дайындалып улгеремиз,отырып алып зан шыгару онай бырак бизди халыкты ойлап жаткан жоксыздар!!!!

Ақерке

2017 жылы тиімді жаңа формат енеді дегенге қуанып едік. Әр оқушы өзі таңдаған мамандығына байланысты бағытта тест тапсырады дегенге. Ал мына формат мүлде ақылға қонымсыз. Бұндай үлкен өзгеріс болатын болса алдын ала сол форматтаға тесттерге дайындық жасату керек еді. БҰЛ БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ СОНДЫҚТАН ОНЫ ЭКСПЕРИМЕНТ РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНУ АҚЫЛҒА ҚОНЫМСЫЗ!!!!!!

Мммммммммммммммм

2 ге болсин 3 болсин тезірек шешімдерін айтса екен

МЕН БУЛ ШЕШИМГЕ КАРСЫМЫН УБТ БУРЫНГЫДАЙ БОЛГАНЫ ДУ

КАЙТА КАРАСТЫРСА ДЕЙМИН

Токкужинов Манас

Мен бұл форматқа қарсымын.Менің ойымша бұған менен басқа да қарсы адамдар бар.Шығаратын болса тезірек шағарулары керек.Бұл сіздерге сөзып жүре беретін қарапайым нірсе емес.Сіздер бірнеше мың балалардың болашағын құртуларыңыз мүмкін.ҰБТ дағы өз қздеріне қол жұмсау енді екі есе көбиеді.Бұның себебі балалар бір емес бірнеше рет оқуға тапсыып күйзеліске үшырайды.Бұл жобаны осы жылы емес 3 жылдан кейін енгізсеңіздер бұның алдын алуға болады.Себебі кейінгі түлектер бұған алдын ала дайын болады.Айтарым осы.Осыдан бір қортынды шығарыңыздаршы. Тек тезірек

Жанерке

ҰБТ бола бермейме бұрынғыдай

11 сынып оқушылары

Біз бұл пікірге қарсымыз, себебі бұрын таңдау пәні біреу болса, қазір екеу.Оның барлығына қалай үлгереміз. Қайта қарастырылса екен дейміх

11 сынып оқушылары

Біз бұл пікірге қарсымыз

тарихшы

мен ұбт-ның жаңа фоматына қарсымыз.бұрынғы ұбт-ы дұрыс

тарихшы

біздерде бұл пікірге қарсымыз.өтініш өзгертудің қажеті жоқ

камила

жоғарыда айтқандарға қосыламын
оқушыға психологиялық тғрғысынан өте ауыр тиеді
ҰБТ бұрынғыдай қалғаны дұрыс
енді әділ жолын тауып келе жатқанда бұл тағы қандай жаңалық

11-сынып

ҰБТ бұрынғыдай қала берсе екен.Біз қай біріне дайындалады. Қашан дайындалып үлгіреміз .Жаңа жыл уже боп қойды.

Жас түлек

Жоғарыдағы пікірге қосыламын. ҰБТ ны 2 рет тапсыру бізді 2 рет куйзеліске ұшырауға себеп боладығой ! Қайта қарастырылса деймін!

ҚГБ бойынша оқуға баратындар мен ЖМБ бойынша оқуға

Ж.А.Т

асель

оляя не нау олетн болдкко

Ерлан

Ұбт бұрынғыдай қалпында қалса жақсы болар еді

диля диля

психолог болу үшін 2 блокта биалогия мен қандай пəн сол баяғы ұбт болса жақсы болатын еді

1212

қолдарынан боқта келмейд, әйтеуір бірбәле шешсе болд

11сынып

убт ози бойынша калсыншы отыныш бизге жана форматтагы убт киын тусып жатыр

Дони

УБТ дұрыс негизи. , егер осындай болса жемқорлық дендеп кетер

Наргиз

Маған жаңа форматтағы ҰБТ ұнады. Бұрынғы форматтағы ҰБТ-дан жаңа форматтың бір жақсысы орыс тілі алып тастағаны жақсы болды. Бірақ мектепте тапсырылатын емтиханға күрделендіріп қосқаны ұнамады. Осы жайтты дұрыстап қарастырса деймін.

Аружан

Неше мамандык неше кала тандай аламыз

11 сынып

ҰБТ ескі фармотта болсыншы, себебі 2 рет тест тапсыру қиын, бұрын біз университеттерге түсу үшін балымызды білетін едік, ал қазір бәріміз қалай болады екен деп жүрміз. Ескі фарматқа баллалар үйренип калған сол ескі фармат қалғаны дұрыс деп есептейміз.
Жаңа фарматтағы ҰБТ қарапайым халыққа керекпе?

М

УБТ ески форматы Жаксы еди негизи.Биыл жана УБТ форматын шыгаргандыктан неден бастарымызды билмей жатырмыз... Оте киын болып кетти

гуля

осы ұбт қалай болады қашан шешіледі,оқушылар қалай дайындалады сұрақ көп, бірақ жауап жоқ

Айнұр

ҰБТға дайындқты екі форматта өткіземіз дееп айқайлай бермей бірінші сол екі форматта өтетін тесттерін дайындап, оқушыларға таратып (дайындалу үшін) алу керек еді.Оқушылар неге дайындаларын билмей жүр.2017 жыл болды жаңа форматтағы тесттерді көрмедік алі. сонда оқушы неге дайындалады? Екі жауабы бар тесттер қайда? Билік басындағылар шаш ал десе бас алмай кішкене ойланса екен

Айгерім

Неге әлі барлығы нақты бекітілмеген?! Жаңа жыл болды ғой! Нені қалай дайындауды да білмей қалдық!!! Уақыт аз қалды ғой! Неге бәрін нақты шешпейді?!

Жарқын

Қазіргі жаңаша оқыту Қазақстанның мектептеріне енгізу қате, асығыс қабылданған.Себебі оқулықтар қүрделі бала түгіл мұғалімдер білмей, түсінбей жатқан кездер көп кездеседі.
- Электронды журналды толтыруды білмейді мұғалімдер.
-Критериалық бағалау әдісін толық түсінбеген.
-Оқу бағдарламасы жоқ.
-5,7 сыныпқа сабақ беретін мұғалімдерді курсқа оқыту басталды, бірақ бағдарлама,оқулық әлі жоқ қой.Сонда не оқытады курста?
-11 сыныпты жаңа формада ҰБТ-ға дайындық (пробный) басталды,бірақ таңдау бойынша пәндерді қалай бағалаулар жоқ.Балды қалай бағаға айналдыра алмай оқушылардың алдында ұят болды.
Ұсыныс: Әлі кеш емес. Реформаны тоқтату керек министр мырза! Стандарт ,бағдарлама,оқулықтар дайын болғанда және қайта даярлау орталықтарындағы дәріс беретін мұғалімдер сауаттарын шыңдасын әлі өздері түк білмейді.

аксулу

Балаларга неге сонша катал талап койылган,оте ауыр

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар