Туған жерім – өз елім
Бұл бетте «Туған жерім – өз елім» атты Сәкен Сейфуллин жазған отан туралы өлең берілген.
(Шетте жүргенде)
Қайғы ойлаттың естен кетпей туған жер,
Қаны қашты, әм сарғайды ет пен тер.
Сені ойласам ішім күйер қапа боп,
Жүрегімде түйіншектей қайғы шер.
Ұйықтасам да еш шықпайсың түсімнен,
Тұрсам-дағы сен кетпейсің есімнен.
Көзден таса қылсам деген жоқ едім,
Шыға алмадым азалдағы кесімнен.
Жүрекке ыстық, көзге сүйік өз елім,
Тек құрбыммен қағысып, ойнап жүргенім.
Жап-жалаңаш жайдақ атпен жүздіріп,
Бәсеке қып, жұмыртқа алған ну көлім.
Өткелдерге ауыл қонған мезгілдер,
Бәйшешектер құлпырынған мезгілдер.
Майысып бір көк талдардың басында,
Құстар сайрап, көңіл бұрған мезгілдер.
Сені ойлап күні-түні туған жер,
Қаны қашты һәм сарғайды ет пен тер.
Бие байлап, қымыз ішіп қызған соң
Азаматтар мәжіліс құрған мезгілдер.
Өзен өрлеп, суға қармақ салғаным.
Құрбылармен таласып балық алғаным.
Сөйткен жерге хохол келіп орнады
Арманда боп, жылай-жылай қалғаным.
1914 жыл
Оте керемет ан маган катты унады❤️
өлеңнін негізгі идеясы не жауында баяндалған туралы толық аита алсыздарма
Өте әдемі керемет шығарылған ✨ ❤️ ♾️
Не
Жаттау керек
Оте керемет
Әсерлі өлең
Мен пікір дегенді білмеймін
Қиын ау ия жаттау
Жаттау керек келесі аптаға дейін