Жан жолдас
Бұл бетте «Жан жолдас» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 29.05.2026
- 0
- 0
- 1605
Жан жолдас, ұмытылмас қоштасқан жер,
Сөздерің емес тіпті естен кетер.
Көзіңе жас кеп толды, сұрың қашып,
Мен келіп «қош» дегенде қолыңды бер!
Дегенде: «Мені ұмытпа, жан жолдасым!»,
Сүйенді төсіме кеп сенің басың.
Сүюге ерінге ерін тиген шақта,
Бетіме тамды-ау аққан ыстық жасың.
«Қош, қалқам!» деп құшақтап қайғырғаның,
Мөлдіреп, жасың төгіп айырылғаның.
Өлгенше естен кетпес көзің сүртіп,
Майысып, маған қарап қайырылғаның.
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі