Бір реттік айыппұл 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде. Бұл 15 мың теңгеге жуық қаржы. Ал сабақтан қашу фактілері қайталанса, ата-аналарға 42 мың теңгеден астам ақша төлеуге тура келеді.
Бір реттік айыппұл 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде. Бұл 15 мың теңгеге жуық қаржы. Ал сабақтан қашу фактілері қайталанса, ата-аналарға 42 мың теңгеден астам ақша төлеуге тура келеді.
Алайда кейбір ата-аналар бұл айыппұлдардан да қорқатын емес. Амалы таусылған өскемендік ұстаздар полицейлермен бірге «Балаларды мектепке қайтарайық» атты акция ұйымдастырып, үй-үйді аралады. Сабаққа бармайтын балалардың ата-аналары негізінен ішімдікке салынғандар. Мәселен, Арина Тарасова биыл 1 сыныпқа баруы керек болған. Бірақ 1 қыркүйектен бері мектеп табалдырығын аттамапты. Қызының қайда екенінен маскүнем анасы да бейхабар.
«127-ші бап бойынша әкімшілік айыппұл белгіленеді. 60 сағат бойы сабақты босатса, әкімшілік айыппұл 7 АЕК. Жағдай қайталанса, екінші айыппұл 20 АЕК көлемінде болады. Қазір материал жинап жатырмыз. Көршілерінен сұраймыз. Егер негіз болса, ата-ана құқығынан айырамыз», - дейді Ернұр Рахимов, Өскемен қалалық ІІБ кәмелетке толмағандар ісі инспекциясының инспекторы.
Дереккөз. Astanatv.kz
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі