Өлең, жыр, ақындар

Қызылордада Әбіш Кекілбаев атындағы дәрісхана ашылды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев атындағы дәрісхана ашылды, деп университеттің баспасөз қызметі хабарлады. 

Дәрісхананың ашылу салтанатына белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы Мырзатай Жолдасбеков пен Әбіш Кекілбаевтың жұбайы Клара Жұмабаева арнайы келіп, жазушы туралы естелік әңгімелер айтты. 

Көрме залында «Суреткер Сыр елінде», «Абыздан қалған асыл сөз», «Шын сүйері халықтың» деген тақырыптарда арнайы тақталар орналастырылған. Енді өскелең ұрпақ жазушының өмірі мен шығармашылығымен танысып қана қоймай, жіті зерттей алады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар