Халықаралық маркетингтің рөлі мен маңызы
Экономикалық жүйеде орын алып жатқан өзгерістер сыртқы нарықтағы халықаралық бизнес субъектілерінің өзара әрекеттесуіне ықпал етуде. Пост кеңестік мемлекеттер кеңістігі, соның ішінде отандық ұйымдар үшін халықаралық маркетингтің рөлі мен маңызы артуда. Интернационализацияның дамуы мен өндірістің жаһандануы, халықаралық сауда көлемінің ұлғаюы, тікелей инвестициялардың өсуі компанияларды басқарудағы халықаралық маркетингтің рөлін арттыруға септігін тигізді. Осылайша, XX ғасырдың 90-жылдарында халықаралық сауданың даму көрсеткіштері әлемдік өндірістің қарқынынан шамамен 5 есеге артық болса, 1996 жылға қарай әлемдік тауарлы сауда-саттық көлемі 1950 жылмен салыстырғанда 16 есеге өскен, осы кезендегі ЖЮ 5,5 есеге артқан. Әлемдік сауда-саттықтың қарқынды дамуы Халықаралық маркетинг рөлінің сапалы өзгерісіне алып келіп, қазіргі кезеңнің негізгі маркетинг түрі ретінде оның бағасын есіруде.
Бүкіл әлемдік экономиканың дамуының бүгінгі кезеңінде ұлттық экономикалардың жиынтығы, сондай-ақ олардың экономикалық және саяси тұрғыда өзара әрекеттесуі мүлдем өзге ұғым қалыптастырады. Ғаламның барлық елдерінің жаһандану үрдісі әрдеңгейлі жаулап алғанын ескерсек, әңгіме расында да маңызды құбылыстар жайында болып отыр: экономиканың интернационализациясы, халықаралық шаруашылық қатынастардың бірыңғай жүйесінің дамуы, мемлекет қызметінің элсізденуі мен өзгеруі, трансұлттық корпорациялардың белсенді қызметі және т.с.с. 1997 жылы «Жаһандану обсерваториясы» (жаһанданудың негізгі орталықтарын бақылаушы Франциядағы үкіметтік емес ұйым) «шаруашылық жылды» талдай отырып, келесідей қорытынды жасады: ТҰК-пен бақыланатын әлемдік өндірістің жалпы көлемі 51% құраған, яғни өндіріс қарамағында тек 49% қалған. Құлдырау мыңжылдық ауысқанға дейін орын алған. Бірақ жаһандану белгілері бұдан ертерек орын алғандығын қарастыратын тағы бір көзқарас бар. Бұл көзқарастың негізгі ұстанымдарын қозғамай-ақ, XX ғасырдың екінші жартысы өндірістің интернационализациясын қалыптастырған, бірыңғай әлемдік шаруашылық жүйесінің қалыптасуына негіз болған ұлттық экономикалардың күшеюімен сипатталғанын айқындай кетсек дейміз. Бұл кезеңде көптеген елдер интеграциялық атанған өндірістің халықаралық қоғамдануының жаңа типіне көше бастаған. Бұндай қадам, әлемдік экономиканың дамуының қарқынымен шартталды, оның негізінде өзекті мәселелер туындады және оларды мемлекеттер жеке дара немесе халықаралық еңбек бөлінісінің ескі жүйесі негізінде шеше алмайды.
Жаһандану феномені — оқулықтың бұл тарау шеңберінен шығып кетуі арнайы зерттеудің пәні екендігін түсіне отырып, өсіп келе жатқан бүкіл әлемдік экономикалық жүйенің жаһандануы XX ғасырдың соңғы онжылдығында айқынырақ көрінген терең өзгерістерінің табиғатын рационалды ұғынуды талап ететіндігін ұға отырып, өзіндік дамудың макроэкономикалық сілтеуіштерін дұрыс таңдау мақсатында бүл үрдістерді зерттеу кез келген ел үшін аса маңызды демекпіз. Әлемдік экономикада орын алып жатқан серпінді өзгерістер дамыған және дамушы елдерге, сондай-ақ жаңа қалыптасып жатқан нарықтарға тән. Әдетте, экономиканың жаһандану ұғымы астарында тауар ағымдарының, инвестициялар, несиелер, ақпараттар, идеялар мен адам айырбасы қарқынының ұлғаюы, сондай-ақ олардың таралуының географиялық кеңеюі түсіндіріледі.
Ұлттық экономика өзара тәуелді болған кезде, бұл ағымдардың енуінің жылдамдығы, интенсивтілігі және тереңдеуі деңгейіне дейін өседі. Ұлттық экономиканың элементтері (ұлттық өндірушілер, тұтынушылар, қаржылық және өзге институттар) тікелей әлемдік экономикалық кеңістікте интеграцияланады. Нәтижесінде, ұлттық өндірушілердің шетелдік тұтынушылармен байланысы нығая түседі. Егер бұрын ұлттық экономикалардың әрекеттесуінің сандық ұлғаюы тауар, капитал және инвестиция ағымдары көлемдерінің артуы түрінде көрінген болса, бүгінде олардың әрекеттесуінің сапалық өзгерісі орын алуда. Біз құрамына енетін, жаһанды шаруашылықтың сапалы кезеңінің ерекшеліктерін қарастырсақ:
1) Ашық экономика, кез келген елдің әлемдік қауымдастықпен әрекеттесуіндегі басты принцип, сыртқы экономикалық қызметтің белсенді либерализациясы кезіндегі әлемдік сауданың кеңейтілуі.
2) Бөлек топтағы мемлекеттер экономикасына интеграциялық түрде әсер ететін аймақтық қүрылымдарды қалыптастыру, елдер арасындағы шаруашылық серіктестікті реттеудің айтарлықтай сенімді және тиімді механизмдерін қолдану.
3) Халықаралық инвестициялық және сауда-саттық саясатта айқындаушы рөлге ие болып келе жатқан ТҰК-дың пайда болуы мен кең етек алуы.
4) Еңбек өнімділігін арттырушы, бөлек елдер мен аймақтардың нарықтарының тығыз байланысын қамтамасыз ететін технологиялар мен техникалардың, информатиканың қарқынды дамуы.
5) Бүкіл әлемдік экономика мен ұлттық экономиканың қалыпты және балансты дамуын қамтамасыз ететін халықаралық ұйымдардың бірыңғай жүйесін құру (БҰҰ, ХВҚ, Бүкілэлемдік Банк, ДСҰ және т.б.).
6) Халықаралық қауымдастықтың қабылдаған ережелері мен тәртібіндегі еңбек күші, капитал мен технологияның еларалық миграциясына негізделген халықаралық сауда-саттық жүйесін құру.
7) Сыртқы сауда және халықаралық өндіріс факторларының интеграциялық орын ауысуына тікелей байланысы жоқ ортақ қаржылық сала құру.
Көрсетілген үрдістердің белсенді жүзеге асуы негізіндегі өткен ғасырдың 80-жылдарында бүкіл әлемдік шаруашылықтың жаһандануының бүгінгі кезеңі туындады. Нәтижесінде, экономикалық қатынастардың жаңа сапалы деңгейін қамтамасыз ететін әлемдік трансұлттық капитал мен жаңа технологиялар нарығының әрі қарай дамуы бірыңғай бүтін кеңістіктің пайда болуына алып келді. Жаһанданудың күшті факторларының қатарына, бұрынғы коммунистік және социалистік режимдегі үшінші әлем елдерінің көпшілік дамуының ескі моделінен бас тартуы жатады. Жаһанданудың әлемдік экономикаға әсер ету үрдісін дәстүрлі макроэкономикалық көрсеткіштер арқылы бақылаймыз. Бірақ біз, бұл әсердің анализін жаңа заманның маңызды мазмұндық құбылыстары арқылы жүргізуді мәндірек деп есептейміз.
Ақпараттық және технологиялық төңкерістер жаңа экономиканың катализаторына айналып, оған жаһанды сипат бере түсті. Ақпараттық төңкеріс компьютер пайда болған кезден бастау алса, ал оның бүгінгі кезеңі Интернет технологиясының қалыптасуынан бастама алады. Ақпараттық төңкеріс қаржылық экономикалық транзакцияның жүргізілуін сапалық жэне сандық түрде өзгерте отырып, техникалық ақпараттар, инновациялар мен ноу-хаулардың ашықтылығын қамтамасыз етті. Расындада, электроника, кибернетиканың дамуы мен ғарыштық байланыс серіктер санының өсуі телекоммуникация құралдарының төңкерісіне алып келді. 1910 жылы дүние жүзі бойынша 7 млн. телефон болса, 1950 жылы олардың саны — 51 млн. дейін өсіп, ал XX ғасырдың соңында — 100 млн. жетті.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Маркетинг: Оқулық/Жалпы редакциясын басқарған: Ә.Ә. Әбішев, В.В. Герасименко, С.А. Каленова. — Алматы: Экономика, 2014. — 616 б. Мәлімет оқулықтың 513-ші бетінен алынды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі