Өлең, жыр, ақындар

Финляндия мектеп бағдарламасынан физика, математика, тарих сынды негізгі пәндерді алып тастамақ

Финляндия мемлекетінің білім беру жүйесі әлем мемлекеттері арасында алдыңғы қатарда екені бәрімізге белгілі. Соңғы статистикалық зерттеулердің нәтижесінде алғашқы ондықтан түспей келе жатқан бірден-бір мемлекет. Алайда, мемлекеттің жергілікті билігі білім беру жүйесіне үлкен жаңалық енгізгелі жатыр, деп жазады massaget.kz.

Финляндияның шенеуніктері мектеп бағдарламасынан физика, математика, география, оған қоса тарих пен әдебиет пәндерін алып тастағалы жатыр. Не үшін?

Білім департаментінің басшысы  Марьо Киллонен бұл шешімді былай деп түсіндіреді:

1900 жылдардың басындағы қалыптасқан әдіспен оқытатын мектептер біздің мемлекетте өте көп. Олардың басым бөлігі ескі әдіс-тәсілдер арқылы білім береді. Алайда, қазір ХХІ ғасыр. Біз бүгінгі қоғамға сай білімді жасақтауымыз керек. Оқушыларға таңдау құқығын беруіміз қажет, - дейді білім министрі.

Жекеленген пәндерді оқыту барысында оқушы өзіне:

Маған бұл пән не үшін қажет? Пайдасы бар ма? деген сауалдарды жиі қояды. Мысалы, екінші дүниежүзілік соғысты оқу барысында тек тарихи көзқарас қалыптастыра алады. Егер "Кафеде жұмыс жасау", "ораторлық тәсіл" сынды курстық пән оқытылатын болса, оқушылар еңбекке ұмтылады, тіл меңгереді, оған қоса экономика мен қарым-қатынас нәтижесін де жақсартады. Аталмыш курстарды жүргізу жоғарғы сынып оқушыларынан басталуы керек. Оған қоса дәстүрлі формат "мұғалім мен оқушы" арасындағы шекара жойылады. Оқушы партаға белгілі бір уақыт арасында отырып, тақтаға өзін шақыруды күтпейді. Топпен, ұжыммен жұмыс жасауды игереді. Фин мемлекеті бұл жүйеге бүгіннен бастап дайындалуда. Хельсинкидің 70 пайыз педагогтары да осы жүйеге сай арнайы дайындық курстарынан өтіп жатыр. Бұл жүйе 2020 жылы толықтай енгізіледі. Мемлекетте жүргізілген сауалнама бойынша оқушылардың басым көпшілігі бұл жүйені толықтай қолдаған. Қандай пән қызықтыратынын және қандай курсты меңгергісі келетінін оқушылар өздері шешеді. Демек, таңдау құқығына ұстаздардан бұрын оқушылар ие.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар