Курчатов қаласының прокурорлары жоғары оқу орындарын аяқтамай, жалған дипломмен жұмыс істеп жүрген білім беру органдарының қызметкерлерін анықтады, деп облыстық прокуратураның ақпараты хабарлайды.
Кәмелетке толмағандарға білім беріп жүрген ұстаздардың барлығы бірдей ЖОО тәмамдамағаны анықталды. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің өкілдері прокурорларды осы университеттің дипломдарына ие, бірақ түлектердің тізімінде тіркелмеген Курчатовтағы білім беру мекемесенің 3 қызметкері (педагогтар мен тәрбиешілер) туралы хабардар еткен.
«Курчатов қалалық сотының шешімімен әрбір заң бұзушыға 25 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Қадағалау ведомствосы педагогтар мен тәрбиешілердің жалған құжаттарды қандай жолмен және кімнің көмегімен алғандарын тексермекші. Қазір тексеру жұмыстарымен Семей АІІБ айналысуда», - деп хабарланды облыстық прокуратурадан.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі