Дубай қаласында өткен ХХІ халықаралық ментальді арифметика жарысында 8 минутта 200 есеп шығарған 7 жасар ақтөбелік оқушы бірінші орын алды деп хабарлайды aktobenews.kz.

Алина Әлиева Ақтөбе қаласындағы №3 мектептің 2 сынып оқушысы. Ол қаладағы ментальді арифметика курсына 5 жасынан бастап қатысқан. Аптасына бір рет 2 сағаттық курсқа қатысып жүрген оқушы халықаралық жарыстан жүлдемен оралды.
"Қызымды 2014 жылдың 1 қарашасынан бастап ментальді арифметикаға апарып жүрмін. Қызымнің екі жыл ішінде көрсеткен жетістіктері жаман емес. 2015 жылдың 1 наурызында өткен үшінші республикалық байқауда үшінші орынды алған болатын. Ал мамыр айында өткен төртінші республикалық байқаудан екінші орын алып келдік", — дейді Алинаның анасы Айгүл Бакиева.

Бірнеше рет бағын сынап жүрген Алина 2016 жылдың 11 қарашасында Дубай қаласында өткен ХХІ халықаралық ментальді арифметика жарысында бірінші орын алған. Жарысқа 57 елден 4 мың оқушы қатысқан. Балаларға 8 минутта 200 есеп шығару тапсырылған.
"Жасына қарамастан қызым тапсырманы жақсы орындады, бесінші деңгейлік есептерден мүдірген жоқ", — дейді анасы.
Халықаралық жарысқа Қазақстаннан 68 бала қатысқан. Ақтөбеден жалғыз өзі барған Алина Әлиева жүлдемен келді.
Бекзат
Жарайсың!!!
мурат
Аман бол. Биик белестерден корине бер. Талабын он болсын.
Лаура
Алина, сен жарадың!!!
арман
талабына нұр жаусын
Гулсана
Керемет Жарайсың
Ardak Amandk
Жарайсын ! 7жаста болсанда есептi тез шыгарады екенсiн
маша
молодец
Аружан
Жарайсың Алина жеңіске жетебер Қазақстаның мақтанышы балуыңа тілек теспін