Өлең, жыр, ақындар

Ата салтым

Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар ауданы
Киев орта мектебі
4 сынып оқушысы: Касим Медина Женатқызы 
Сынып жетекшісі: Хасанова Гульмира Кайратовна     

                                                                 

Ата салтым – асыл мұрам, ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын.

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,

Өткенімді бүгінменен жалғадым.

Дәстүрсіз халық жоқ. Барлық елдердей қазақтың да өз дәстүрі, ата-бабалары салған сары жолы, бұлжымас заңы бар. Қазақ дәстүрі бай және халық оны қатан сақтайды. Туған халқының мінез-құлқын, наным-сенімін жете зерделеген ғұлама Ахмет атамыз «Құдайдан кейінгі қорқатыным, қазақтың дәстүрінің бұзылуы» - деп айтқан. Өз дәстүрлерін білмегенді, сыйламағанды – надан, тәрбиесіз, көргенсіз дейді.  Бұл – өте ауыр сөз, ауыр күнә, бірақ әбден орынды баға. Ұлттық салт-сана, дәстүр, әдет, әдептен аттап өтпейді. Және оны берік ұстайды, жас ұрпаққа үйретеді. Ата жолына кім болса да бас июге тиіс. Бұл - ел-жұртыңды сыйлағаның. Бабамыз «Жеті атасын білмеген жетесіз» -деп бабаларына жеті атасын, шыққан тегін үйретуді парыз санаған.

Менің ойымша жеті атасын білмеген адам қазақ емес деп ойлаймын. «Жеті атаны білу» заң болған. Жеті атаға бала, әке, ата, арғы ата, баба, түп ата, тек аталарымызды жатқызамыз. Әрине, мен де өз жеті атамды білемін. Олар – Дархан, Ардақ, Габдолла, Габдош, Нұрмағамбет, Есенгұл, Қалиақпар. Халқымыздың әдет ғұрып пен дәстүрін, тарихын біліп, оны қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің айналдыру әрбір адамның азаматтық парызы.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз