Алматы облысының аудандары мен қалаларының жұмыспен қамту бөлімдері басшылары, сондай-ақ ауыл әкімдері партаға қайта отырып, тест тапсырып жатыр.
Мақсат - әкімдердің «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасын білу деңгейін тексеру. Барлығы 400-ден астам мемлекеттік қызметші сынақтан өтетін болады, деп ҚазАқпарат хабарлайды.
«Жалпы ауыл әкімдерінің дайындығы жаман емес. Барлығы «Жұмыспен қамту жол картасын» жетік меңгерген, біледі - қандай бағыттардан тұрады, мақсаты қандай. Ал бүгінгі шараның мақсаты жұмыссыз жүрген азматтарды жұмыспен қамту және жұмыссыздық деңгейін төмендету болып табылады», - дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әлия Есімжанова.
Айта кетелік, биыл өңірге «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 19 млрд теңге бөлінді. 41 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі