Алматыда ҚР Президенті мұрағатында қоғам қайраткері, ғалым, жазушы Тоқтағали Жангелдиннің туғанына 100 жыл толуына орай тарихи құжаттар көрмесінің ашылуы және дөңгелек үстел отырысы өтті, деп ҚазАқпарат хабарлайды.
Отырыста әл-Фараби атындағы қазақ Ұлттық университеті баспасынан «Өнегелі өмір» сериясымен жарыққа шыққан «Тоқтағали Жангелдин» кітабының тұсауы кесіліп, оқырман қауымға жол тартты.
Шараны бастап, сөз сөйлеген Президент мұрағаты директорының орынбасары Қайрат Әлімғазинов Тоқтағали Жангелдиннің жеке мұрағат қоры ең бірінші болып тапсырылғанын атап айтты. Енді оның қолжазбасы мен күнделігі кітап болып басылып отырғанын жеткізді. Жиынға қатысқан И.В.Панфиловтың немересі Алуа Байқадамова ардагерлердің ерлік тарихын ұлықтау арқылы жас ұрпаққа тарихты таныту қажеттігін айта кетті.
«Жақында прокатқа шыққан 28 панфиловшылар фильмі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы бүкіл Кеңес халқының ерлігін көрсетті. Сондай қаһармандардың бірі - Жангелдин. Жас ұрпақ Отан соғысының ерлік тарихы туралы аз біледі, көп қызықпайды. Мысалы, партизандар қозғалысы туралы да аз айтылады. Сондықтан, Жангельдин секілді заманының батырлары туралы жас ұрпақ санасына жеткізуіміз қажет», - деді Алуа Байқадамова.
Дөңгелек үстел жинына қоғам қайраткерлері, тарихшы, философ ғалымдар қатысты.
Жангелдин Тоқтағали 1916 жылы Семей облысында туған. 1938 жылы Қазақ педагогикалық институтын аяқтаған соң, педагогтық қызметке тұрады. 1940 жылы қызыл әскер қатарына шақырылып, ҰОС-қа қатысып, артилерриялық взвод командирі болады. Кескілескен шайқаста Жангелдин ауыр жарақат алып, Беларусь қозғалысына партизандар қатарына кіреді. 1944 жылға дейін Борисов қаласы түбінде «Коля атай» бригадасы қатарында болады. Партизандар оны бригада комиссарының орынбасары етіп тағайындады. Соғыстағы қайтпас қайсарлығы мен батылдығы үшін көптеген орден және медаль иеленді.
Соғыс аяқталған соң Тоқтағалиды Қазақстанның Орталық комитетіне жіберді, Алматыда хатшылық қызмет атқарды. Орталық Комитет оны Мәскеуге Жоғары партиялық мектепке оқуға жібереді. Оқуы аяқталған соң, Қазақстанның Жоғары партиялық мектебіне оқытушы болып орналасады.
1954 жылы Қоғамдық ғылымдар Академиясын аяқтап, Мәскеуде философиядан диссертация қорғайды. Партия басқармасында бөлім меңгерушісі, кейін Институт директоры қызметтерін абыроймен атқарды.
Оның жазған монографиясы Шоқан Уәлиханов атындағы жүлдеге ие болды. Сонымен бірге, Беларусь қозғалысы жөнінде повестер мен әңгімелер жинағын жарыққа шығарды.
Отан алдындағы адал қызметі үшін Т.Жангелдинді «Қызыл Еңбек Жұлдызы» орденімен екі мәрте, «Құрмет белгісімен», чехословакиялық орден «Партизандық жұлдыз» және қазақстанның бірнеше орден, медальдарымен марапатталды.
1973 жылы дүниеден өтті. Алматы қаласына жерленді. Тоқтағали Жангелдиннің Алматыда өзі тұрған үйінде мемориалдық тақта орнатылған. 2004 жылы Белорусь елінің ескерткіш медалі берілді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі