Өлең, жыр, ақындар

Қай елдің жастары ақылды?

«Universitas21» халықаралық университеттер жүйесі өткен жылғы зерттеулердің қорытындысын шығарды. Ол қай елде білімді жақсы береді және ақылды жастар қай елде көбірек тұратындығын анықтауға арналды.

Америкалық ғалымдар мен ETS бейресми ұйымы білім деңгейі бойынша америкалық жастардың алдына жан салмайтындығына қарамастан қазірге жас ұрпақтың білімі таяздығын мойындап отыр. Әсіресе олар математикадан нашар және оны өз өмірінде қолдана алмайды.

Зерттеу көрсеткендей, жер бетінде ең пайдасы жоқ жастардың дені Америкада өткен ғасырдың 80-ші жылдары дүниеге келіпті. Әлемнің 22 елінде, оның ішінде Солтүстік Америкадан Азияға дейінгі елдер қамтылған аумақта жүргізілген талдау осыны көрсеткен. Ал, математиканы өмірде қолдану жағынан АҚШ артта қалып қойыпты. Италия мен Испания да соңғы көрсеткіштерді иемденген.

АҚШ Білім министрлігінің деректеріне қарағанда елдің ересек 32 миллион тұрғыны санауды мүлде білмейтін көрінеді. Бұл ел халқының 14 пайызы. Осылайша әрбір америкалық әдеби шығармаларды 5 сынып оқушыларының деңгейінде оқитын болып шыққан. Соған қарамастан әлемнің ондаған үздік университеттері АҚШ-та орналасқаны қызық. Принстон, Гарвард, Массачусетс секілді білім ордалары элитаға арналған. Мысалы Гарвардта оқу үшін жылына 60 мың доллар қажет. Бұл басқа да қажеттілікке жұмсалатын 20 мың долларды қоспағанда. Сондықтан да болар несие алып оқитындар жиі кездеседі.

Ал, ең ақылды жастар Жапонияда тұрады. Бұл елде оқу ақылы, талап басқа. Білім алу қымбат болғанымен (айына 7-8 мың доллар), соған сай оқитын жастардың талабына ETS мамандары да таңғалған. Жапондармен жарысқан финляндиялықтар өзгелерге қарағанда жастарға жақсылық жасаудан аянбай келеді. Өйткені - оқу тегін.

Швейцария мен Данияда да білім беру жақсы дамыған. Ал Қазақстандағы білім берудің қандай деңгейде екендігін өздеріңіз бағалаңыздар.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Алматы тұрғыны

Қазақстанның университеттерінде білім жоқ. Сапалы ұстаздар жоқ, білім - 0! Жұрттың бəрі білім емес, диплом алу үшін ғана жүр. Оқу үшін СДУ, Назарбаев Университет болмаса шет елге кету керек. Басқаның бəрі құр уақыт жоғалту болып табылады, Болашақ студенттердің құлақтарына алтын сырға...

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар