Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған

Бұл бетте «Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған,
Сонда жатыр менде жүрген орындалмас бар арман.
Сенің жүзің көкте күннен, жерде гүлден нәр алған,
Шашың сенің - жан баспаған жапандағы қара орман.
Қас-кірпігің қарлығаштың қанатындай қап-қара,
Үлбіреген жүзің сенің ақ жібек пе, мақта ма?!
Әсем-басың әп-әдемі, мүсініңе шақ қана,
Шиедейін еріндерің қызарып тұр шоқтана.
Толықсыған тұла бойың шыбық па екен, тал ма екен,
Бейнең сенің баяу атқан жазғы шұғыла таң ба екен,
Күлкің сенің шашылған нұр, сезің кәусар, бал ма екен,
Бұл ғаламда сенен артқан, сірә, біреу бар ма екен!?
Бұл ғаламда сенен артқан жан бар деуге сепбеймін,
Сен солайсың, Ләйлім менің, сенбе маған, сен мейлің.
Бұл ғаламда сенен артқан бір жан болса егерде,
Өз көзімді өзім оям, оны мәңгі көрмеймін.
Зәмзәм суы сенен арзан, тата алмаған кәусарым,
Сенің әсем мүсініңді сөзбен қалай таусамын?!
Мың Мәжнүн мендей, сірә, тебіренбеген шығар-ау,
Аппақ құсым, қайдасың сен? Аңсадым-ау, аңсадым...


Пікірлер (55)

нол

жақсы екен

Нұрай

Өте керемет өлең қазіргі кезде қаншама ақын бар бірақ ақиық ақын Мұқағалиға жетер ешкім жоқ сірə

Акынбек акерке

Керемет керемет

Балнұр

Өте керемет шардарада деген өлеңі бар ма

Ару Красавица

Олендеры кыршыксыз таза сезымды айшыктайды

жансая

өте керемет шбір ақын Мұқағалиге жетер емес

Субин

Өте керемет бұл өлең жүректі елжіретеді

Жалғас

Өте керемет жаныңды жылжытып жібереді екен

Ешкім

Өте керемет күшті! Жүректі елжіретіп жібереді! Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың сезімге толы өлеңдеріне жететін ән жоқ шығар!!

Санжап

Мықты ән

Ешак

Рахмет МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ата

Дурдона

Менің ең сүйікті өлеңім

Балжан

Өте керемет мен осы өлеңдер заттар жарысқа барам

Дариға

Мұқағали Мақатаевтың Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған өлеңі қатты ұнады

Балжан

Тапиоки

Ұлар

Маған қатты ұнайды

Нұрғали

Зор зор

Аноним

Ооооооооооооооо

Аноним

Ерекше өз анаңа арнауға болатын ән екен

Айзада

Өте жақсы рахмет сіздерге

Алихан Берикхан 4 е

Супер

Пырақ

Мыңдаған жылдар өтсе егер, қазақтың тілі жетсе егер, сол замандарда таң қалар, сөзіне адамдар тербелер.

Криптит

Кумандврш Га Динара шайдығо қандай дүние тану

Айсұлтан

Мұқағали Мақатаев Мен ң аулмнын ақны аулы қарасаз☝????

Жұлдыз

мына өлеңді кімге арнаған екен???? сондай пәк кіршіксіз таза

Айсезим

Оте кушты, магынасын тусынгенге жаксы❤

Дариға

Өте жақсы өлең

Ақниет

Мұқағали Мақатаевқа жететін ешкім жоқ

Айсара

Осы өлең бала кезден ұнайды бір жаның жайбарақтап қалад барғой менің ең сүйікті ұлы ақынным МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ . Оған жететін ақын жоқ деп ойлайм

SHADOW

PERFECT MUSIC!!! NICE!!

I’ am nurs

Мукагали макатаев ата сила

I’ am nurs

Кушты

Nurs

Мұқағали аға рахмет

Қарақат

өте керемет өлең домбырамен тартып үйреніп алдым домбырамен тартсаң өте әдемі шығады?

Танымайсың

Күшті екен ғой ❤

Нариман

Өте әсерлі өлең! Мұқағали Мақатаевтың 'Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған' – нағыз махаббат гимні. Сұлулықты, аңсауды, тұңғиық көздерді суреттеген жолдары жүректі тербетеді: 'Шашың сенің - жан баспаған жапандағы қара орман', 'Аппақ құсым, қайдасың сен?'... Bilim-all.kz-те мұндай өлеңдерді оқуға ыңғайлы. Рақмет көп! Мұқағали өлеңдерін іздегендерге осыны ұсынамын – бірден көңілден шығады. Махаббат мәңгілік!

Айзат

Мұқағали Мақатаевтың ең тебірентетін махаббат лирикасының бірі: "Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған"! ❤️ Ақын сүйіктісінің сұлулығын ғажайып бейнелермен суреттейді: көзі – түпсіз тұңғиық, жүзі – күн мен гүлден нәр алған, шашы – жан баспаған қара орман, қас-кірпігі – қарлығаш қанатындай, еріндері – шиедей шоқтана қызарған...

Жандос

Мұқағали Мақатаевтың «Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған» атты өлеңі — махаббат пен сезімнің тереңдігін керемет көрсеткен әсерлі шығарма. Ақынның тілі әдемі, образы нәзік және оқырманның жүрегіне жол табады. Қазақ поэзиясын сүйетіндер үшін бұл туынды — рухани бай әрі мазмұнды өлең.

Али

«Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған» өлеңі — махаббат пен ішкі сезімнің тереңдігін ерекше әрі әсерлі образдармен жеткізетін керемет поэзиялық туынды.

Дариға

"Мұқағали Мақатаевтың 'Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған' өлеңін Bilim-all.kz-те оқып, тағы бір мәрте көзім жасқа толды. Қандай ғажап!

Айна

Мұқағалидың бұл өлеңі – махаббаттың шынайы гимні!

Лаура

Бұл өлең — нағыз қазақ поэзиясының көркемдік шыңы, және Мұқағали Мақатаевтың шеберлігі махаббат пен сезімнің тереңдігін ерекше әсерлі жеткізеді. «Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған…» сияқты жолдар — сезімді бейнелеудің нәзік тілдік образы болып қалыптасқан.

Өлең мазмұны өте әдемі, сүйікті адамға деген әлемнің барлық сұлулығын салыстыру арқылы махаббатты суреттейді, бұл оқырманға үлкен әсер қалдырады.

Сонымен қатар бұл шығарманы сайтта жақсы көркем жазылған түрде оқуға мүмкіндік бар, бұл қазақ поэзиясын іздейтіндер мен сезімге толы өлеңдерге қызығатындарға өте пайдалы ресурс.

Айша

«Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған» — жүрекке жылы тиетін, махаббат пен аңсауды нәзік жеткізген өлең. Ақын сүйіктісін табиғаттың сұлулығымен теңестіре отырып, сезімді өте әдемі суреттеген!

Лаура

Супер

Дико

Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған - ең мықты өлең!!!

Зауреш

Ең керемет өлең

Оралхан

«Сенің көзің — тұңғиықтан туған» — Абай Құнанбайұлының жүректі тебірентетін өлеңі. Бұл туындыда адам сезімінің тереңдігі мен көңілдің тұңғиық сырлары шебер бейнеленген .

Дамира

Маған қатты ұнайтын өлеңдердің бірі ☺️

Дастан

«Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған» өлеңі өте әдемі лирикалық шығарма екен. Мұқағали Мақатаевтың махаббат тақырыбындағы өлеңдері әрдайым ерекше әсер қалдырады. Бұл өлеңде сүйіктінің сұлулығы мен нәзік сезім өте көркем теңеулер арқылы жеткізілген. Әсіресе табиғатпен салыстырған жолдары өлеңнің мәнін тереңдете түседі. Осындай мағыналы қазақша өлеңдерді оқу адамға ерекше рухани әсер береді.

Марат

Супер

Марат

Бұл өлең өте әсерлі және терең мағынаға толы. Ақынның ойы мен сезімі әр жолынан анық байқалады, оқырманды ойландырып, жүрекке әсер етеді.

Жұлдыз

Қазақ поэзиясын дамытуға үлес қосып жатқан порталдардың бірі. Мұқағалидің осы өлеңі ғашықтық сезімнің тереңдігін ашады. Өлеңді оқығанда адам бойыңда бір ғажайып күй пайда болады. Сілтемені достарыма жібердім, оқысын деп.

Гүлбахыт

Мұқағали Мақатаевтың «Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған» өлеңі – қазақ махаббат лирикасының биік шыңы. Ақын сүйіктісінің сұлулығын табиғаттың асқақ бейнелерімен теңестіре отырып, сезімнің шексіздігін жеткізген. «Шашың сенің – жан баспаған жапандағы қара орман», «Күлкің сенің шашылған нұр, сезің кәусар, бал ма екен» деген жолдар – поэзиядағы ең әдемі теңеулердің бірі. Әр жолында махаббатқа деген құрмет пен тазалық бар. Ұлы ақынның мұрасы мәңгі жасайды!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұқағали Мақатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері