Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіздігім - мақтанышым

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ащысай ауылы
"Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп МДШО" КММ
2 "А" сынып оқушысы: Әуезұлы Әсет

Менің Отаным - кең-байтақ Қазақстан. Туған елімде көптеген ұлттар тату-тәтті өмір сүруде. Мен "соғыс" туралы тек кинолардан көргенмін. Әдебиеттік оқу оқулығы бойынша менің жерімді Жоңғарлардан аман сақтап қалған Райымбек, Қабанбай, Наурызбай батыр бабаларымыздың ерлігін ешқашан ұмытпаймыз. Апайым сынып сағатында Тәуелсіздік жолында құрбан болған Қайрат, Ербол сияқты ағаларымыз бен Ләззат, Сәбира апайларымыз туралы айтқанда көзіме жас келді. Қаншама қазақ жастары біз үшін өмірлерін құрбан еткен! Енді өзіміздің жеке мемлекеттік тіліміз бар, төл теңгеміз бар, жеке ата заңымыз бар егеменді елміз. Сабағымды жақсы оқып жүрмін. Мен осындай Батыр аға-апаларымыздың ұрпағы болғаныма мақтанамын. Мен де өз елімнің бір патриоты бола алатыныма сенімдімін!
 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Каракат

Маган тауелсиздигим тирегим атты ээсе керек немесе шыгарма

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз