26 желтоқсанда «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру жөніндегі Республикалық конкурстық комиссияның отырысы өтті, деп ҚР БҒМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.
Нәтижесінде, Қазақстан бойынша 58 жоғары мектептің 200 педагогы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері болды.
Конкурсқа барлығы 84 жоғары оқу орнынан 444 үміткер қатысты.
«ЖОО үздік оқытушысы» атағы бір адамға келесі он жыл ішінде бір реттен артық берілмейтіндігі ескеріліп, биылғы байқауға 2006-2015 жылдарғы атақ иегерлері қатысқан жоқ.
«Үміткерлердің 35 пайызының ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі 15 жылдан аспайтын оқытушыларды құрады. Бұл жас мамандарды кеңінен тартуға мүмкіндік берді. Бұдан басқа, осы жылы оқытушылардың қызметі өзектендірілген сапалық және сандық көрсеткіштер бойынша бағаланды. Соның ішінде, оқулықтарды, монографияларды, оқу құралдарын ағылшын тілінде әзірлеу, қатысу және басып шығару; кәсіби қызметі бойынша шет тіліндегі жаппай ашық онлайн курстардың платформасы базасында курстан табысты өткені туралы сертификаттың бар болуы және т.б.», - деп атап өтті министрліктің баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, алғашқы рет үміткерлердің барлық жұмыстарының жылдық жоспар-кестесі назарға алынды.
Бұл грант жоғары оқу орындарының оқытушыларына әлемнің жетекші университеттерінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге және біліктілікті арттыру мақсатында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Асан
Білім алу жүйесін бір қалыпқа салу керек.ҰБТ қоғамдағы адамдарды 25 жылда жапай сауатсыздыққа әкелді. Енді мектепте үш пәнен емтихан жұмыстарын қалдырып, ЖОО -да кеңестік жүйемен емтихандар алынуы керек деп ойлаймын. Барлық мамандықтар сауаттандыру үшін эссе жазу керек,