Өлең, жыр, ақындар

Шәкірттерге

  • 30.08.2021
  • 0
  • 5
  • 6780
Шартараптан жиналыпсыз,
Жаңа талап, жас ұлан.
Ғылым туын қолға алыпсыз,
Құттықтаймын, бас ұрам!
Бостандықта қарсы кеп тұр,
Қалқам, сенің бағыңа.
Не керегің? Алшы! деп тұр,
Тағы да алшы, тағы да.
Күнің туды қарыштап қал,
Қалма қапы қарағым.
Бәйгі атындай жарыс сап қал,
Жасымасын талабың.
Қыр қуарып, сыр суалып,
Күйзеліп ед Алашың.
Бұл уақытта тұр қуанып,
Көріп сендей баласын.
Қайғылы еді, қам көңілді,
Сені көріп, болды шат.
Көркейт жаным, енді еліңді,
Жаңа өспірім, азамат.
Көңіл хошы, көз нұрысыз,
Еңбекшіл тап халқының.
Жарық жұлдыз, ай күнісіз,
Сәулеңді шаш, жарқыным!
Шартараптан жиналыпсыз,
Жаңа талап, жас ұлан.
Ғылым туын қолға алыпсыз,
Құттықтаймын, бас ұрам!



Пікірлер (5)

Арай

Бұл өлең өте мағыналы мен оны жаттап байқауларға айтайын деп жатырмын

Аяжан

Өте күшті жаттау

Ерленқызы Нұрсая

Өте кереметтей

Ерленқызы Нұрсая

Мен міржақып дулатұлының өлеңдерімен байқауға қатысатын болдым

Сабина

Маған 1 шумақ керек еді бірақ бәрін жаттап жазғым келіп кетті

Пікір қалдырыңыз

Һүнерін халық файдасына жұмсап жүрген оқығандарымызға

  • 0
  • 2

Жау жүрек, қыран көзді арыстаным,
Жан қыйып халық үшін қарысқаның.
Қатардан қазақ сорды қалдырмасқа
Бәйгеде ұлы дүбір жарысқаның.

Толық

Балдызға ( Екінші хат)

  • 0
  • 0

Жаздым сәлем балдызға.
Ғашығым сіздей жалғыз ба?
Осы ауылда кездестік,
Көңілімді қалғызба.

Толық

Оян, қазақ!

  • 0
  • 14

Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кeттi, дін нашарлап, хал һарам боп,
Қазағым, енді жату жарамас- ты.

Толық