Әзірге балабақша тәрбиеленушілері қарапайым ұялы телефонға ауысты. Мұндай шешім облыстық ата-аналар қоғамы кеңесінің отырысында қабылданған, деп жазды YK-news.kz. Таяу арада мектеп директорлары мен ата-аналар оқу орындарында балалардың смартфон қолдануына тыйым салу туралы шешім шығарады.
Балаларының күнделігіндегі хабарландыруды оқыған ата-аналар редакцияға хабарласа бастады. Онда мектеп қабырғасында смартфон ұстауға тыйым салу мәселесінің талқыланып жатқанын, сәйкесінше ата-аналардың пікір білдіруін сұраған.
«Мен тыйым салуға қарсымын, - деді қала тұрғыны Марина. - Менің ұлым кішкентай бала емес және өз заттары мен техникасына бас-көз бола алады. Келесі жылы жоғары оқу орнына түседі. Сынақтарға дайындалу керек, мобильді интернет үнемі жанында болу керек. Менің ойымша, кім сабақ үстінде смартфонға қарап, ойы бөлінсе, сол балаға тыйым салу керек».
Шенеуніктер смартфондарға неге тыйым салу керектігін түсіндіріп берді. Өскемен прокуратурасы ШҚО білім беру басқармасына хат жолдаған. Онда құзырлы мекеме өкілдері гаджеттердің балалардың оқудан назарын аударатынын, олардың психикасы мен мінез-құлқына теріс ықпал ететінін, сол себепті мектептер мен балабақшаларда смартфондарға тыйым салу мәселесін қарастыру керектігі айтылған. Мұндай тыйым балалар мен мұғалімдерге бірдей қатысты.
«Қазір әрбір мектеп осы мәселе бойынша ата-аналар пікірін жинап жатыр, - деді ШҚО білім беру басқармасының басшысы Айжан Садықова. - Егер нақты бір мектептің ата-аналары бастамаға қолдау білдірсе, әкімшілік ішкі тәртіп ережесіне өзгерістер енгізеді. Онда балалар мен педагогтарға смартфон ұстауға тыйым салу туралы пункті пайда болады. Яғни ата-аналар мен мектеп әкімшілігі бірлесіп шешім қабылдайды.
Нәтижесінде бірнеше мектепте смартфон сақтайтын ұяшықтар пайда болуы мүмкін. Еске сала кетсек, мемлекеттік мекемелерде гаджет ұстауға тыйым салынған соң, қазыналық ғимараттардың фойесіне кішігірім камералар орнатылды. Оған мекеме қызметкерлері гаджеттерін өткізеді.
«Егер тыйым салынса, мектеп басшылығы смартфондардың бүтіндігіне жауап береді, - деп атап өтті Айжан Садықова. - Сондай-ақ, бұл мәселе облыстық ата-аналар қоғамының отырысында да талқыланды. Балабақша тәрбиешілері мен тәрбиеші көмекшілеріне смартфон ұстауға тыйым салды. Ата-аналармен байланыста болу үшін педагогтарға қарапайым ұялы телефон ұстауға рұқсат етілген. Әрине, балабақша басшылығы смартфондардың сақталуына жауап береді».
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі