Онсыз да жоспарлы пәндер мен қосымша үйірмелерден үлгермейтін оқушыларға тағы бір жаңа пән қосылмақ деп хабарлайды 31 арна.
«Қазақстан халқының салт-дәстүрлері» пәні әзірге тек Өскемен қаласының оқушыларына оқытылады. Бір қызығы облыс прокурорлары ұсынған пән алдымен екі бірдей мектепте кейін жеті оқу орындарында енгізілмек.
"Біз осы курсты енгізер алдында сол сабақтардың барлығын зерттеп шықтық, сол сабақтардың тақырыптарын анықтап шықтық. Біздің өзіміздің анықтағанымыз өзін-өзі тану сабағын алатын болсақ, осы Қазақстан халқының салт-дәстүрлері тек қана 98 сағат көлемінде ғана беріледі екен", - дейді Шығыс Қазақстан облысы Білім беру басқармасының жетекшісі Айжан Садықанова.
20-шы қаңтарда ғана тұсауы кесілген жаңа пән бесінші сынып оқушыларына екі аптада бір сағаттан оқытылады екен. Жылдың соңына қарай балалар пән бойынша емтихан тапсырады. Егер көрсеткіш жақсы болса, онда осы пән өзге облыс мектептерінде де жүргізіледі.
Ақша жағын Шығыс Қазақстан өңірінің әкімдігі өз мойнына алыпты. Ал білім беру бағдарламасына жаңа пән енгізуді облыстық прокуратура қолға алған. Құзырлы орган өкілдері пилоттық жоба негізгі пәндерге кедергі келтірмейді дейді.
Бұдан былай мектептерде қандай пән оқытылу керектігін Білім және Ғылым министрлігі емес, прокурорлар шешетін сияқты.
"20-шы қаңтарда осы Шығыс Қазақстан облысындағы №43 мектепте тәрбие сағаты ретінде алғаш өткізген болатынбыз. Алдағы уақытта бұл пән Шығыс Қазақстан облысындағы Ұлан, Глубокое және Өскемен, Семей қалалары өткізілетін болады", - дейді Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы бірінші басқармасының аға прокуроры Айдос Тұрсынов.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Арайлым Исаева
Өте жақсы идея. Негізі салт-дәстүрлер пəнін енгізу қажет екендігі жайлы мұғалім жолдасым екеуіміз үнемі айтатынбыз. Естігенде қуанып қалдық. Өскелең ұрпақ халқымыздың əдет-ғұрпынан жұрдай болып өсіп келеді. Наурыз мейрамында бірен-саран қойылым қойып шектелетін. Қазақтың болмысы, салт-дәстүрі тұнып тұрған философия!!! Қазақ қазақтығын соның арқасында сақтап қалған. Əсіресе, ұмыт болып бара жатқан дүниелер берілсе балаларға - нұр үстіне нұр. Мəселен, Жапон елінде тәрбиенің бəрі ұлттық салт-дəстүр, сана-сезім негізінде беріледі. Сондай-ақ, екі аптада бір емес, апта сайын өткізілсе де артық етпес. Өз басым ризамын!!!
Нуреке
Мм жақсы бірақ онша қызық емес маған информатика пәніне қосымша тағы пән косса жақсы болар еді))))
шынар
Керемет жаналык . Мен окушылардын тәртібінің төмендігін ұлттық тәрбиенің төмендігінен көретінмін. Ия сағат санын көбейтседе болады. Дәстүрді оқыту керек пе әлде жоқпа деп сұраудың өзі ұят.
Алаш
Арайлым Қазақ халқының салт-дәстүрлері емес Қазақстан халқының салт-дәстүрлері ал оны оқып біздің балаларымыздың басы одан сайын атала болады
Алаш
"Ұлттық сал-дәстүр" болса дұрыс