ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев оқушылардың ана-аналарын электронды күнделік енгізуге мәжбүрлеу фактілері рас болған жағдайда, мұғалімдермен мән-жайды анықтауға уәде берді.
«Мектеп өзі келісімге келеді. Егер ата-анасы келіп, мектеп директорына: «сіздің электронды күнделік енгізуіңізді қаламаймын» десе, онда мектеп белгілі бір әрекеттер жасауы тиіс. Бірақ, ата-аналардың мектепке келіп, электронды күнделікті енгізбеуді талап еткендігі туралы ақпарат түскен жоқ», - деді ол ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Сонымен қатар министр оқушылардың ата-аналарын аталған электронды базаға тіркелуге мәжбүрлеу фактілері орын алатын болса, онда сол ата-аналардың және мұғалімнің аты-жөні атау қажеттігін баса атты.
«Сіздер маған сол ата-аналардың және тіркелуге мәжбүрлеген мұғалімнің аты-жөндерін айтыңыздар. Сонда біз бұл істің мән-жайын анықтаймыз», - деді Ерлан Сағадиев.
Айта кетейік, өткен жылы тамыз кеңесінде ҚР Білім және ғылым министрі 2017 жылдың соңына дейін еліміздің барлық мектептерінде электронды күнделік енгізілетіндігін айтқан болатын. Жоба құны 30 млрд. теңгені құрайды. Ол инвесторлардың қаржысы есебінен өтелмек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Сания
Ал егер мұғалімдерді мəжбүрлеп кіргізсе не болады екен?
Бауыржан
Е-күнделік дегенің ең ақымақи тірлік, оны бизнесмендер емес, мемлекет жасау керек, және тек біләм саласы үшән ғана пайдалану керек. Ал бұл жерде бизнесменді қояберіңдер, ресей азаматы жасап жатыр! Бүкіл мәліметтің бәрі бір орыстың қолында болады. Ресей мемлекеті де емес, бір азаматы. Бұны қолдап отқандар қаншалықты пәс адамдар екенін аңғаруға болады. Құлдық санадан қашан арыламыз?
Гулмира
Өзге тилди билген жақсы әрине , бирак ауели өз тилимизди менгерип алайыкшы жақсылап , соң өзге тил туралы айтайык . Өйткені Сол Түстік мектептерде соның ишинде ҚАЗАҚ мектебинде сабактарды қазақша өткенмен , өз араларында орыс тилинде сөйлейді . Бұрынғы биз оқыған Әліппе қайда , неге ауели соны қолға алып 1- сыныптарға уйретпеске , бала - бақша емес .Бала - бақшадан бастап Әліппе үйретіп баланың оқуға деген ынтасын жоғалтып алмаймызба өскенде , бала кишкентайынан шаршап ? Айта берсек әнгимеде , суракта көп .Бұл әңгіме тек менин емес , копшиликтин көкейінде . Бири жеткізсе , бири жеткізе алмайды .
Гулмира
Өз тилимизди, өз жеримизди , урпагымызды қорғау өз колымызда жамағат . Қазақ аркашанда қазақ болайық . Ойланындар неге басқа ұлт қазақ болмайды, неге биздин қазақ өзге ултка еріп , өзге тилде сөйлейді, кейде ойлап қаласын мүмкін қаны таза қазақ емес ау деп . Әрине көпке топырақ шашпаймын . Қазақ болып өз тилимизди , дәстүримизди тарбиемизди устанбасак , онда несине ҚАЗАҚПЫЗ деп жүрмиз.