Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.
- Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен? - деп сұрады баласы.
- Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса өсіп. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен,- деді атасы.
- Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой,-деді баласы.
- Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым; мұнан сен де өзіңе әбірет алсаң болады; сен жас ағашсың саған да күтім керек; мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы түзік кісі болып өсерсің, бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің,- деді.
акнур
жаксы әңгіме екен.
рейпер
қысқа ма ?
Шапагат
Кыска болсада терен магыналы создер.
РЫМЖАН
жақсы әңгіме !
Дәрия
Ия,келісемін қысқа.Бірақта берер мағынасы көп
Али
Керемет!
Акнұр
Керемет! Бірақ қысқа
Нұрлыбек
Рахмет!
Малика
Өте әсерлі мағыналы әңгіме екен
Ернұр
Керемет
Айбын
Керемет
Жомарт
Ыбырай Алтынсариннің "Бақша ағаштары" әңгімесі ұнады