Біз оқып жүрген шағымызда, ұстазымыздың қорасында бір Полкан деген зор ит бар еді. Терезеден қарап тұрғанымызда, әлгі Полканға бір кішкентай қанден ит келіп, өршеленіп үріп, аяғын тістеп, үстіне секіріп тиісе бастады. Сонда мен тұрып айттым:
— Тоқта, қанденім, ойнақтағаныңды қоймасаң, Полкан сазайынды берер, — деп. Біраз қарап тұрсақ та, кішкентай қанденнің ойнақтағанына, тістегеніне Полкан ашуланып қозғалмады.. Түрегелсем, арт жағымда ұстазым келіп, менің әлгі сөзімді естіп тұр екен, маған қарап айтты:
— Көрдің бе, анау Полканның сенен көрі көңілі жұмсағырақ. Сен өзіңнен кіші балалармен ойнасаң, ақырында біреуін жылатасың, немесе ренжітесің. Полкан ит те болса, өзінен кіші әлсіздерді ренжітуді ұятсынып, қанденге тимей тұр, — деді.
07.11.2024 10:34
05.11.2024 19:53
03.11.2024 14:51
16.09.2024 12:34
12.09.2024 14:40
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
Дархан
Ыбырай Алтынсариннің Полкан деген ит әңгімесі ұнады