Өлең, жыр, ақындар

Әке мен бала

Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:

— Анау тағаны, балам, ала жүр, — деп.

Бала әкесіне:

— Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, — деді.

Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді.

Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем - бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым - ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып айтты:

— Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есінде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең — көптен де құр боласың, — деді.


Пікірлер (28)

арай

бул ангиме маган улкен ой кадырды маган катты унады будан азга канагат ету керектигин тусинуге болады баскаларда тусинед деп ойлаймын

асылай

барине де ой салады

Ерлан

Оте кушты

Акмарал

Классно

зейнеп

Өте кушті

Аида

Өте қатты ұнады

Жадыра

Керемет!

Жансая

Оте керемет ой калдырды!

Абзал

Бзар жок амгимего

Алдияр

Круто рахмет

Адеми

Жаксы

Альбина

Кереме маган катты унады

Камила

Керемет ой салды

Асет Акмырза

тәрбиелік мәні бар,жақсы.

Асет Акмырза

ЖАҚСЫ ӘҢГІМЕ

Есімімді қайтесіз

Пікірімді қайтесіз

Аманжолова Жанель

Өте жақсы. Маған өте керек болды. Рақмет!

Адик Адиков

Маған өте қатты ұнады Мынау азақ сияқтығо негізі үзінді берілген сияқтығо

Даулетхан Мерей

Өте жақсы. Маған қатты ұнады. Осы әңгіме бізге дейін жеткеніне қуаныштымын.

Жанабаева Диана

Өте жақсы айтылған сөз .

Мусагали

Бұл әңгіме Интернет те бар

Алимбек

Маган каты унады !!!!!!!!!

Аманат

Керемет жарайсыңдар

Санжар

Маған қатты ұнады!!

Оля

Маған өте керек болды. Рахмет!

Оля

Ыбырай Алтынсаринннің Әке мен бала әңгімесі маған ұнады

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз