Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір-біріне кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерден шыққан, айналасы қалың біткен ағаш жапырақтары бұлақтың үстіне төгіліп, суы мұздай, салқын, шыныдай жылтылдап тұрған сонша әдемі, таза бұлақ екен. Су шыққан жеріне бір қазандай тасты біреу ойып қорғаныш қылып, тастың суағар жеріне жазу жазыпты:
- Әй, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол,- деп. Манағы үш жолаушы бұлақтан ішіп қанған соң жазуды оқып, біреуі саудагер екен, ол айтты:
- Бұл жазылған ақыл сөз екен, бұлақ күн-түн тынбай ағып, алыс жерлерге барады, бара-бара кеңейіп, үлкейеді, бұған бөтен бұлақтар құйып, сөйте бара үлкен өзен болып кетеді. Мұнан мұрат сол: сен де, адам, тынбай қызмет қыл, ешуақытта жалқауланып тоқтап қалма, сөйтсең, ақырында, сен де зорайып мұратыңа жетесің дегені ме деп білемін, - деді.
Екінші жолаушы мүсәпір молда екен, басын шайқап:
- Жоқ мен олай ойламаймын, бұл жазудың мағынасы сіздің ойлағаннан гөрі жоғарырақ соқса керек, бұл бұлақ: кім-кімге болса да даяр, ыстықтағанды салқындатып, жанын рақаттандырады, сусағанның сусынын қандырады, оның үшін ешкімнен ақы дәметпейді; бұлай болса адамға да әбірет сол: біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе дегені болса керек,- деді.
Үшінші жолаушы көркем келген бір әдемі жігіт екен, бұл үндемей тұрды. Жолдастары: «Сен не ойлайсын?» -деп сұрады.
Жігіт айтты:
- Менің ойыма бөтен бір нәрсе келеді: бұл бұлақтың суы бір орында тынып тұрып, шөп-шалам түсіп, лай-қоқым болса, бұған адам мен айуан мұнша ынтық болмас еді; бұлақ күні-түні тынбай ағып тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады. Олай болса, жазудың мағнасы: көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта, нешік бұлаққа қарасақ күн түссе күннің, шөп түссе шөптің сәулесін көреміз, көңілің сол реуішті сыртқа ашық көрініп тұрсын дегені ме деймін,- деді.

♡♡♡♡♡♡♡
Жаксы екен
Кушты
Өте жақсы жазылған!
Жаксы Жазылған
Оте жаксы жазылган
класс
таза бұлақ әңгімесі өте керемет екен
Сіз сол ей жолаушы болсаң осы таза бұлақтай бол дегенді қалай түсінесіз?соны айтынызшы!
Оте керемет.!!!!! Манна катты унады
Балама күшті болды.апайы осыны оқыса апта окушысы болады деді
маган бул матын унады
Бұл әңгіме ойға шомылдыратын етіп жазылған және керемет айтылған.
Жаксы кiтап екен.
Жаксы куштi
Ыбырай атам керемет,
Айтқан сөзі дірілдеп,
Ой түбінде жатады,
Әрбір айтқан сөзіде
Адамдарга ой салады
Керемет
рахмет
Супеееер
Керемет рахмет
Маган унади
Мазмундама керек болды таба алмай отир едим рахмет
Оте жаксы унады
Керемет
Өте керемет əңгіме
соңғы жолда не айтып турганын уга алмадым...
киын болмаса тусындырып берыныздершы.
керемет маган унады
керемет рахмет өте кушти жазылган маган унады
Маған негізінен ерекше ой салды
Ақыл жастан білім тастан. Ақылыңа ақыл қос міне мен өзіме тағыда бір өнегелі нақыл сөздерді үлгі түттым
Менің ойымша үшінші адамның айт қаны дұрыс теп ойлай мын
жаксы екен қысқа нұсқа
Өте жақсы мәтін қызықты
10.04.2020. 9:07
Өте жақсы мәтін. Қызықты оқып кетіңдер.
Қай жолаушылардың сөзі дұрыс? Неліктен? Айтынызшы
Қай жолаушыныкі дұрыс екен
Үш жолаушының пікірі де көңілге қонымды.Үшінші жолаушы сөзін үлгі тұттым.Рухани тазалыққа,адамгершілікке тəрбиелейді.Таза болсаң ,судай бол,бəрін жуып кетіретін.Адам рухани жағынан бұлақтай таза болса ғой,шіркін!
Менинше ушинши жолаушынын айтканы дурыс
күшті екен
Тусініксізбаа
Өте кермет жазылған супер ❤❤????????????????????♡♡♡♡♡♡&♡&♡&
Таза булак
Оте керемет жаксы кушти
Тамаша! Осыған мазмұндама жазу керек болған. Рахмет көп көп
```2026```
Таза бұлақ өте күшті әңгімелер екен
Таза бұлақ өте күшті әңгімелер екен ғой ❤
Мен болашақтан келдім әңгіме өте жақсы
Зор
Өте қызық болды маған бұны апайым тапсырмаға беріп еді
Өте қызық маған ұнады
«Таза бұлақ» әңгімесі өте терең мағынаға ие, адамды бірден ойландыратын шығарма. Әңгімеде бұлақтың тазалығы арқылы адам бойындағы адалдық пен шынайылық бейнеленгені анық көрінеді . Осындай тәрбиелік мәні жоғары туындылар оқырманға дұрыс бағыт беріп, рухани құндылықтарды түсінуге үлкен әсер етеді.