Өлең, жыр, ақындар

Бекболат Тілеухан: Оқулықтардағы сорақы нәрселерді бірінен соң бірін тоғытамын

Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында оқулықтардағы кемшіліктерді талқылау мәселесі бойынша депутат Бекболат Тілеухан ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевті жекпе-жекке шақырды, деп ҚазАқпарат хабарлайды.

Әліппені қайтару мәселесіне тоқталған депутат, «Сауат ашу» - сауасыздықты жою дегенді білдіреді... Бұрынғыдай қала берсе, оның қандай қайшылығы бар. «Әліппе» деген сөз символдық, бейнелі атау. Бұл атау қанымызға сіңген. Ол - Ахмет Байтұрсыновтардан келе жатқан атау. Осы орайда бүкіл зиялы қауымның талабын айтатын болсақ, «Сауат ашу» аты мен атауын құртыңыз да, «Әліппені» бізге қайтарып беріңіз. Аяқ астынан бірдеңі бастап кетесіздер де, кейіннен қоғамнан қарсылық болып жатады. Елбасы Жолдауында барлығын ақылмен саралап, қабылдауға шақырды ғой. Ендеше, бастамаларға ақылмен мұқият қараңыздар. Ең бірінші ойланып алып, сосын істеу керек»,-деді.

Осы орайда депутат оқулықтардағы кемшіліктерге тоқталды.

«Ереке, осы мәселеге кім жауап береді? (Ерлан Сағадиевке қаратып айтқа сөзінде). Әлде баспа жауап бере ме немесе министр жауапты ма?! Нақты кім жауап береді? Керек болса, оқулықтарды алып келемін де, сорақы нәрселерді бірінен соң бірін қойдай тоғытамын... Балалар мына оқулықтарға қарап отырып, зәрезап болады. Өйткені, өте ауыр, кітапты адам оқу мүмкін емес. Баланың жасы ешқандай ескерілмеген. Екінші сыныптың баласына жетінші сыныптың оқушысының деңгейіндегіні жазып беру рухани қаскүнемдік . Сабақтастықтың жоқтығынан, ұрпағымызды мүгедек қылып жатырмыз»,-деп наразылығын айтты Б. Тілеухан.

«Ереке, бұған қазір жауап беріңіз. Қазір жауап бере алмасаңыз, баспасөз бетінде сізді жекпе-жекке шақырамын және сіздің жеңіп кетуіңізге шын жүректен тілектеспін. Өкінішке қарай, жеңіліп қаласыз-ау. Өйткені, ешқандай уәж жоқ. Ертең халықтың, сайлаушылдардың алдында біз жауап беруіміз керек», - деді депутат.

Өз кезегінде Е. Сағадиев оқулықтардағы кемшіліктерге министрлік жауап беретінін атап өтті.

«Жыл сайын үш жүзден астам оқулықтарды дайындап отырмыз. 5 мыңнан астам мұғалімдер осы шараларға қатысып отыр. Әр оқулық дайындау кезеңінде алты ай сайтта тұр. Осы орайда бұл мерзімде кемшіліктерді атап, қандай өзгертулер енгізу керектігі тұрғысында әр адамның ұсыныс жасауға құқығы бар. Енді ертерек қарап, ұсыныстарды енгізбейсіздер ме?! Қателіктер түзетілді ғой. Егер оқулықта кемшіліктер қалса, керек болса, оқулықтардағы қателіктерді іздеуге әзірмін», - деп жауап қайырды министр.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (7)

Айнур

Сол Сағадиев өзі оқыпта көрмеген шығар. Бекболат аға айтқаныңыздан қайтпай әліппені қайтарыңыз. Әйтпесе балаларымыз ата-анасымен қоса шетінен псих больницаға түседі. 5.6- сыныптардың програмасы жүр. Ойын баласы тарихты ұғама.

Жұлдыз

Шындығында да баланың жас ерекшелігімен санасатын заманды кетірді мына жаһандану заманының... 500педагог тартылады дейді олай болса "құтырғаннан құтылған" болатыны белгілі де, батыстың методологиясын енгіземіз деп төл Әліппесінен айыратынболды, қайтару керек, әліппе қазіргі сауат ашудан мың есе артық, мемлекеттік тілімізді үшінші қойып тағы қорлап отыр, ашқан бойдан осы сорақылықты көріп жауып тастадым, мынауымызбен біз өсіп келе жатқан ұрпағымызды патриот ете алмаймыз, сосын әр министр келген сайын өзгеріс бола берсе жүйелілікке негізделген жағдайда ғана нәтиже беретін білім мен тәрбие үрдісінен айырады, мына өткен 25жыл соны дәлелдеп отыр,оқулық жыры елімізде сол кезден бастау алып әлі жырлануда, шаршатты да... халық баласымен санасып жатқан билік жоқ, томашадай балдарға портфеліне симайтын кітаптарды арқалатып, омыртқа ауруларының жасын жасартуға қызмет етіп жатыр.

Айдана

Жарайсыз! 1-сыныптын окушысы Гун тайпасы мен Томиристин ким екенин кайдан биледи??? Али 42 арипти танымайтын окушылар...

Сандуғаш

Осы министрлер кабинеттерінде отырып алып, мұғалімдерге қандай жұмыс тауып берсек болады деп отырады ғой деймін. Өйткені мұғалімдер осынша қыруар жұмысты жалғыз өзі атқарып жүруі мүмкін емес. Қараңыздаршы, мұғалім-сценарист, құрастырушы, оны жазушы, режиссер,безендіруші,/оформитель/ және өзі актер. Ал осы
жұмысты театрда қаншама адам атқарып отыр. Неге осыны ойланбайды? Байғұс ұстаздарға ол азадай комиссия жібереді. Ал зейнетке шығу бір бөлек әңгіме. Мұғалім күніне қанша баламен, қанша сағат,сонымен қатар артық жұмыс істейді. Ақыл-ой жүйесі шаршайды, жүйкесі жұқарады,Соны есепке алу керек. Сондақтан, зейнет жасын 50 немесе 53 ке қысқарту керек. Қазіргі таңда мұғалім болуға ниет білдірушілер қатары азайды. Ешқандай мұғалімнің жағдайын зерттеу, оны есепке алу жоқ. Бұл білім министрлігіне қатысты.
Содан кейін, ҰБТ-жаңа форматы да өте қиын. Балаларымыз моральді түрде күйзеліске ұшырап жүр. Бұл формат жоғары оқу орнының студенттеріне арналған. Депутаттар дұрыс айтады. Жаңа министр келген сайын реформа шығарады. оның оқушыларға әсері қанадай-оң ба теріс пе , зерттелмейді.Төбеден түсіре салады. Оқушылар таңертеңнен кешке дейін мектепте оқиды. Бұл бала психикасына теріс әсер етеді деп ойлаймын.

Айгул

Сандуғаш ханым дұрыс айтады. Мұғалімдер енді ақын болады. Мұғалімдерді қағаз басты қылып жіберді. Метепте жазу , үйде жазу бітпейтін жазу. Мұғалімдерді кағаз бастылықтан арылту керек. Қалыптастырушы бағалауды дүрыс алсын оны тексеру , пікір жазу, ата -анаға кері байланыс жазу. Қалалы жерлерде әр сыныпта 22-24 оқушыдан бар әр оқушыа , әр сабақтан жазуды және күнде шығаруды айтсаңшы. Оқулыққа келетін болсақ сауат ашу дұрыс құрылған . 1 әріпке 3-4 сағат бөлінген жыл бойына берілген. Мұндағы математика, жаратылыстану, дүниетау пәндері өте күрделі . Баланың жас ерекшелігіне сай емес.Астарономия,ғарыш. ғұн, сақ тайпалар т.б артық нәрселердің керегі жоқ. Ғұн, сақ тайпаларды Астарономия,ғарыштарды кәзіргі 6-7 сыныптар өтуде. Сондықтан тақырыптар оқушылардың жас ерекшелітеріне сай алынсын. Мектептерде 70-80 пайызға дұрыс жабдықталмаған. интерактивный тақта емес магнитный тақта , орындық, парта да жоқ көп мектептерде. бастауыш сыныптарға сай парта мен орындықтар керек.

Райхан

Айгүл неге сауат ашу дұрыс дейсіз ? Дұрыс болса неге 6 жастағы балаға Оқу инемен құдық қазғандай деген мақалды түсіндір дейді бір біріне. Ал сіз 6 жастағы баладан сұрап көріңіз тексеріп не айтар екен. Менің қызым 1 кл оқиды сабақ оқығысы келеді бірақ түсінбейді неге себебі біріншіден түсіндіретін мұғалімнің уақытысы жоқ жиналыс қағаз т.б. екіншіден -6 -7жастағы балаларға арналмаған сауат ашу да математ. Басқаларын қоспағанда. Үшіншіден балалар үшінші тоқсан аяғына дейін бала əріпті қалай жазылуын білмейді неге себебі кітапта да сабақ беру барысында да оны үйрету қарастырылмаған. Сонда мен не үшін мектепке беріп отырмын баламды? Екі тоқсанда нəтиже шықпаған соң балама əліппе мен жазуды қалай дұрыс жазуды үйрететін дəптерді сатып алып беріп отырмын. Мектепте үйретпейтін болса не баламды жіберем келгенше уайымдап отырамыз. Матем. Жақсы енді қазір қарағысы келмейді теңдеуді қалай шығарады екі сандық есептерді үйренбей тұрып. Менің айтарға сөзім жоқ оңбағандар БҒМ мен кітап авторлар оларды соттау аз.

Айнур

Пикирлеринизге толыктай косыламын

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар