Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы
Сергеевка қаласы, Қазақ орта мектебі КММ
10 сынып оқушысы, қазақстандық жас патриоттар академиясының мүшесі
Сатыбалдиева Аида Талаповна
Жетекшісі: Мукатаева Гульмира Шариповна
Отбасы – әр жеке тұлғаның өсіп-өнер, тәрбие мен мейірім нәрін алатын ыстық та қадірлі, алтын ұясы. Әр адамның өмірінде, жүрегінде «отбасы» деген ыстық сөз үлкен рөл атқарады. Себебі әр адамның өміріндегі ең қуанышты да қызық дәурені отбасында өтеді. Отбасы мен үшін баға жетпес қазына. Отбасыма деген махаббатымды сөзбен жеткізу мүмкін емес. Отбасым - асқар таудай әкем, асыл жанды, құшағы жылы анам, үнемі менің қасымда жүретін қамқоршым, інім – Аслан және мен. Мен отбасымды ерекше бағалаймын, отбасыммен мақтанамын. Отбасымыздың қамқоршымыз, тірегіміз, жүрегіміз ол – асқар таудай әкеміз. Әкемнің қызметі жалғыз отбасын асыраумен, қамқор болумен шектелмейді. Менің жан әкемнің қызметі ауыр, әрі жауапты жұмыс. Себебі әкешім – Шал ақын ауданының ІІБ Жергілікті полиция бастығы болып қызмет етеді. Шені майор. Дамылсыз қызмет етіп жүрсе де ешқашан әкемнің шаршап жүрген кезін көрмегенмін. Себебі, әкем үнемі өзінің атқарып жүрген қызметін ерекше бағалап, жақсы көретіні жайлы айтып отырады. Бізге де үнемі «ұлым, қызым, болашақта өздерің жүректеріңмен қалаған жұмысқа тұрыңдыр, себебі, өзіңнің істеп жатқан ісіңнен шаршамау – ол қызметіңе деген махаббатың», - дейді. Сол кезде атақты, дана адамдардың айтқан мына сөзі ойыма келеді. «Өзің сүйіп істеген жұмысыңды істесең, өміріңде жұмыс істемегенмен тең» деген сөзі оралады. Сол кезде ойлаймын, шынымен де менің әкем өзінің жүрек қалауымен осы жұмысты қалаған, сондықтан да жұмысынан да шаршамайды, жұмыстан соң да бізге қамқор болып, үнемі біздің қасымызда жүреді. Сондай тәрбиені өзінің ыстық жүрегімен, аналық сезімін бізге беріп, бізді бағып – қағып, аялап отырған анашым болса, мектепте шәкірт тәрбиелеп отыр. Шәкірт тәрбиелеп қаншама түлектерін ұшырып жүрген анамның да қызметі қиын. Алайда баланың тілін тауып, тілдесу, жақсы тәрбие берудің өзі бір үлкен ғанибет-дейді анам. Қазақстанның ертеңгі болашағы үшін тырысып, ақ парақ бетіне сызу сызғандай баланың кіршіксіз санасына алғашқы адамгершілік, мейірімділік нұрын сеуіп, білім, өнер нәрімен сусындатуда. Әр баланың жүрегіне орын тауып, адам етіп шығарып, жол сілтеп, оқушым деп мойымаған анам расымен батыр ана. Қазірде анамның шәкірттері де үлкен–үлкен қызмет етіп жүр, біразы анамның айтуынша мұғалім деген қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін мамандықты таңдаған екен. Ата-анамыз бос уақытында қасымыздан табылуға тырысады. Отбасымен өткен әрбір сәтім мен үшін үлкен қуаныш. Олай дейтін себебім: бірге өткен уақыттар әсерлі де,есте қаларлықтай. Үй шаруасындағы істеген әрбір ісімізге үлкен бағыт-бағдар беретін ата-аналарымыз. Олар жұмыстан келген сәтте оларды қуантып,таңғалдыруға тырысамын. Інім Асланға сабақ оқуына көмектесемін. Ол бос уақытында көбірек спортпен айналысқанды ұнатады. Оның аудан, облыс көлемінде футбол спортының жеңістері болса, «Қазақша күрестен» республикалық жарыс өткен Павлодар және Астана көлемінде жүлделі жеңістері де бар. Мен үй шаруасын бітіріп, тәтті тағамдармен дастархан жайып, жақсы көңіл-күймен қарсы аламын. «Менің қолқанатым», «менің ақылшым» деп ата-анам маңдайымнан иіскеп, күліп кіреді. Әрбір істеген істеріме риза болады. Олар менің оқудағы, мектептегі қоғамдық жұмыстағы жетістіктермесүйсініп, қуанып отырады. Отбасымның әрбір мүшесінен қоғамға өз үлестерін тигізіп жатқанын көре аламын. Менің отбасым - менің мақтанышым!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі