Өлең, жыр, ақындар

Сағадиев: Ұстаздарды қызметтеріне тән емес жұмыстарға мәжбүрлеу тыйылады

Алдағы уақытта ұстаздар қауымын қызметтеріне тән емес жұмыстарға мәжбүрлеп жегу тыйылады. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Ерлан Сағадиев мәлім етті.

«Маңызды міндеттің бірі ұстаздарды өздеріне тән емес қызметтерді орындауға мәжбірлеуді тыю. Бұл ауқымды міндет. Дегенмен біз ол үшін күресетін боламыз. Қазіргі уақытта біз ол жайында білеміз сараптамалар, карточкалар жинайды, жол жүру билеттерін таратады, тексеру жүргізеді. Ең бірінші кезекте тексеру жүргізуден бастамақпыз. Мұны шектегіміз келеді. Тетігін әзірлегеннен кейін басқа органдармен бірлесіп бірқатар бұйрықтар немесе Үкіметтің қаулысын шығаруды бастаймыз. Ол өзге органдардың бұл мақсаттарға оқытушылар еңбегін пайдалануына тыйым салады», - деді Сағадиев.

Сонымен қатар министр Ұлттық білім беру мәліметтер базасы мен «Күнделік» қазірдің өзінде қағаз есептілікті алмастыра алатындығын баса айтты.

«Бірқатар күрделі проблема бар. Бұл - ұстаздардың барлық деңгейдегі тексерушілерден қорқуы. Біз мұны жақсы түсінеміз. Мен ондаған мектептің директорымен сөйлестім және олардың барлығы да: «Біз қағаз журнал жүргіземіз. Өйткені қорқамыз», -дейді. Ал мен «Қағаз журнал жүргізуге тыйым саламын», десем, олар: «Біз түнде болсын жүргізіеміз. Өйткені бұл ақша. Ертең ол үшін мен басым кетеді, дейді», - деді Сағадиев.

Осы ретте Білім министрі бұл мәселенің ҚР Премьер-Министрімен, Бас прокурормен және Қаржы министрімен талқыланғанын атап өтті. Алдағы уақытта бірлескен нұсқаулық хат немесе бұйрық шығарылады. Аталған құжат қаржылық тексерушілерге қағаз есептілікті сұрауына тыйым салатын болады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Айдар Д.

Негізі Сағадиев дұрыс министр сияқты, тыпыршып бірдеңе жасап жүреді, отчет беріп, қала мектептерін аралап, енді жасағандары пайда берсе екен

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар