Мәжілістегі Қазақстан коммунистік халық партиясының депутаттары орта мектептерді Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуден босатуды ұсынды.
«Қазіргі кезде ҚР Білім және ғылым министрлігі ҰБТ-ны тапсыру бойынша шараларды ұйымдастыру жауапкершілігін мектептерге жүктейді. Бұл бағыттағы жұмыстарда мектеп түлектерін жинау, тиісті орынға дейін автокөлікпен қамтамасыз ету, тамақтандыру, ал кейбір жағдайларда тұрғылықты жерін қамтамасыз ету ескерілуі мүмкін. Атап айтқанда, аттестат алған түлектер мектептегі оқу процесінің қатысушысы болып табылмайды. Осы ретте ҰБТ-ны ұйымдастыру мен өткізуге мұғалімдерді тарту оларға тиесілі емес қызметтерді орындау болып табылады»,-деді депутат Ирина Смирнова Мәжілістегі жалпы отырыс барысында.
Депутат тестілеу шаралары мұғалімдердің еңбек демалысы кезінде өтетінін, сондықтан ұстаздарды қайта шақыртып алу нұсқаулары жүргізілетінін атап өтті.
Смирнова ағымдағы жылы жаңа форматқа сәйкес, түлектер орта білім туралы аттестат алу үшін мектепте емтихан тапсыратынын, кейіннен ЖОО-ға түсу тұрғысында Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысатынын еске салып өтті.
«Осы мәселеге байланысты мектеп ұстаздарын ҰБТ-ны ұйымдастыру міндетінен босату қажет деп санаймыз, сондай-ақ ҰБТ қорытындысы бойынша мектеп рейтингін құру тәжірибесін доғарған дұрыс болады деп пайымдаймыз»,-деді ол.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Залбек
Орымды пікір. Тек жүзеге асыру керек.
Куттыбек
Кешегі КСРО кезінде бітіруші аттестатын колга алган сон, ата-анасы қамқорлығымен институтта емтихан тапсыратын еді.
Қазір де сол оқу бітірушіге, ата-анаға сенім білдірсек, аттестатын алған соң, тест орталықтарына келіп ҰБТ тапсырады, нәтижесін еңбегіне қарай алады.
Үкіметтің де қаржысы үнем болады.