Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы
Қармақшы аудандық оқушылар үйі
«Жас натуралист» үйірмесінің мүшесі
Берікбаева Жансая Ерболқызы
Жетекшісі: Сматова Мархабат Қанибекқызы
Туған жер дегеніміз – әркімнің өзінің туып өскен елі, жері, мекені. Әркім өз елін өзінің алтын мекеніне теңейді. Туған жер әркімге ыстық болып келеді. Мен өз туған жерімді жанымнан артық жақсы көремін. Менің туған жерім – Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті. Қармақшы ауданының табиғаты әсем, әдемі, көрікті. Менің туған жерімнің табиғатына қызықпайтын адам жоқ десе де болады, әсіресе алуан түрлі гүлдері жайқалып көздің жауын аларлық. Менің туған жерімде көптеген мектептер, балабақшалар және қызығатын, бос уақытымыз тиімді өтетін оқушылар үйі бар. Қармақшы ауданының тұрғындары бір–бірімен тату–тәтті өмір сүреді. Жалпы Қармақшы ауданы емес, Қазақ елі тату – тәтті, ұйымшыл, заманымыз тыныш. Соған барлығымыз қуанамыз. Қазақстан жерінде он төрт облыс бар, оның ішінде қаншама ауыл, аудандарда жетерлік. Біздің аудан қанша кіші болғанымен, қаншама тұрғыны бар. Ол тұрғындардың барлығы өз елін, туып өскен жерін жақсы көреді. Менің туған жерімнің табиғаты әсем, топырағы құнарлы, шөбі шүйгін. Мен туған жерімді мақтан тұтамын. Біздің Қазақ елін, жерін қаншама жыл бұрын ата-бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған. Аянбай күресіп, қазақ жерін аман алып қалған. Батырларымыз ел үшін, жер үшін аянбай еңбек етіп күрескен. Біз солардың еңбегін ақтап елімізге, жерімізге аяушылықпен қарап, күтіп баптауымыз керек! Маған өз туған жерімнің күні де ыстық, түні де ыстық...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
KhaZh0
Казак жеринде туса да ,туган бетте шет елге кетип калган бала , туган елин Отаным Деп санамайды. себеби,кандай да адам баласы оз жерин ещкашандай шахарга салыстырмайды.Каншама Ага-апаларымыз,акын-жазушыларымыз осы казак жерин суйгендигин керемет махаббатпен кагазга тусрген.