Қызылода облысы, Жаңақорған ауданы
№163 орта мектеп
8 "б" сынып оқушысы Төлепбай Самал
Жетекшісі: Орманова Алия
Ана! Ол - баланы жарық дүниеге алып келген қастерлі де, аяулы жан. Ана - жұмаққа бастар жол. Ақ шашты ана: «жастығым - балам» дейді, ақылды бала: «ай - күнім - анам» дейді. Ана мен баланың арасын көзге көрінбейтін тылсым сырлы жіп жалғап тұратындай іспетті. Әрбір бала үшін өз өмірінде анасының атқаратын рөлі ерекше!.
Қазақта «Ананың сүйген жері отқа күймейді, оқта да тимейді» - деген қанатты сөзі бар. Мен ана махаббатын сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Ол мүмкін емес деп ойлаймын. Жер бетіндегі барлық жақсы сөздер, жақсы пікірлер тек анаға ғана тиесілі, менің ойымша. Ана алақанының аясы, ақ шынардың саясы. Ана үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі. Қыз балалар өз анасынан тәрбие алып, анасына еліктеп анасына қарап бой түзеп өседі. Ананың ақ сүтін ақтау әрбір баланың борышы деп ойлаймын.
«Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да, қарызыңнан құтыла алмайсың»- деген дана қазақ халқымыз. Ана туралы қалам тербемеген ақын жазушылар жоқ болар, сірә!. Кез-келген адамның сұлулығы мен жақсы қасиеттері, ең бірінші түн ұйқысын төрт бөліп аялап өсірген ана жүрегінің жылуынан бастау алады!
Әр балаға ананың алақаны өте ыстық. Ана алақаны нәзіктік атауы болып саналады.
Әйел жерден шыққан жоқ
Ол да еркектің баласы.
Ерлер көктен түскен жоқ,
Әйел - оның анасы деген - А . Тұрмағанбетов атамыз!!!
Ананы сыйлаған бала - кез-келген жерде құрметті саналады. Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды.
Ана көрегендігіңнің теңдесі жоқ. Менің анам - менің жүрегім.!!!
«Жұмақтың кілті - ананың табанының астында». Ана - қыз баланың досы, серігі, сырласы, құрбысы. Ұлжан - Абай Құнанбаевтың анасы. Анасының осындай асыл қасиеттерін жастайынан бойына сіңіріп өскен Абай атамыздың есімі тарихта белгілі. Қазір де жас ұрпаққа Абай атамыз секілді аналарынан жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп өсуді талап етемін, яғни үгіттеймін.
Ана махаббатының, аяулы алаулы алақанының арқасында балалардың зерек, мейірім мен шапағатқа бөленіп өскені байқалады.
Нұрын шашқан күнімсің ғой жан анам,
Бар шуағын баласына арнаған.
Бір өзіңнен қуат алып өмірде
Сенің салған сара жолды жалғағам!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
перизат
өте күшті жазылған