Мақтарал ауданы, Асықата кенті «№121 жалпы орта мектебі»
6 «Б» сынып оқушысы: Айтимова Аружан
Отан сөзі - әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз...
Менің туған жерім – тәуелсіз қазақ жері. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын. Биік шыңды асқар таулар, мөлдір көлдер, ну ормандар – осының барлығы менің елімнің көрінісі. Осы жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өсіп, елімізді жаһанға паш еткен.
Әрбір Қазақстан азаматы мемлекеттік тіліді меңгеріп, барлық халықтардың дәстүрлерін құрметтеп, өз Отанды қорғау керек. Себебі Қазақстан – біздің ортақ үйіміз, біздің Отанымыз.
1991 ж. 16 желтоқсан әр Қазақстан азаматы үшін айрықша күн. Өткен жылда біздің тәуелсіздігімізге 25 жыл толды. Сөз жоқ, бұл Қазақстан халқы үшін ұлы күн. «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі