Өлең, жыр, ақындар

Әлемнің ең әдемі түрмелері

Түрмелердің барлығы бір-біріне ұқсай бермейді. Түссіз бетон қораптар түріндегі және қаптаған қарулы күзеті бар түрмелердің орнына дамыған елдердің петиценциарлы жүйесі келуде. Оларда жазаларын өтеушілерді жазалау емес, қайта тәрбиелеу бірінші кезекте тұрады. Келесі топтамадан кәдімгі түрмеге қарағанда, шипажайға ұқсайтын түрмелерді көруге болады.


Sbertoli вилласы

Италия

Түрме мен психиатриялық емхана болып табылатын Villa Sbertoli XVIII ғасырда салынған ғимаратта орналасқан. Оның қабырғаларындағы фрескалар таңғажайып өнер туындылары іспеттес.


Шильон замогы

Швейцария

Бүгінгі күні мұражайға айналған Шильон замогы да бір кездері түрме болған екен. Бұл жерде корольдер өздерінің маңызды тұтқындарын ұстаған көрінеді.

 

Halden

Норвегия

Бұл түрмеде қамауға алынғандар түрме аумағында емін-еркін жүрумен ғана шектелмей, бейнеойындар ойнап, ортопедиялық матрастарда ұйықтайды екен. Олар тіпті түрме аумағында ақша табу мүмкіндігіне де ие болады. Мұндағы басты идея олардың бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға сіңісіп кетулеріне мүмкіндік жасау болып табылады.


Әділет орталығы

Австрия

Әйгілі Джозеф Хоушенн есімді сәулетшінің туындысы болып табылатын бұл түрме қамаудағыларға бостандықта жүргендерін сезіндіру идеясымен салынған екен. Үлкен терезелер мен біршама кеңістікке ие бұл түрмені көпшілік қауым шипажайға ұқсататын көрінеді.


Scenic Bastøy Prison

Бұл түрме осы топтамадағы ең таңғажайып түрме болып саналады, себебі ол жеке-меншік аралда орналасуымен шектелмей, қамаудағыларға бос уақыттарын қалағандарындай өткізе алатындай мүмкіндік береді. Атап айтсақ, олар балық аулаумен, жер өңдеумен айналысып, теннис ойнау және атпен саяхаттау мүмкіндігіне ие болады.


Гарстен-Абби

Австрия

1851 жылға дейін монастырь болған Гарстен-Абби ғимаратын австриялықтар түрме ретінде қолдана бастаған. Барокко стилінде салынған Гарстен-Абби әлемнің ең әдемі түрмелерінің бірі ретінде танымал.

 

Патша түрмесі

Англия

Ауыр есіктерін санамағанда, мемлекеттік мектепке ұқсайтын бұл түрмеде сыныптар, спорт залы, бильярд үстелі мен үстел теннисі бар екен.


Фримант түрмесі

Австралия

Батыс Австралияда орналасқан бұл түрме осымен 136 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Мүмкін осы себепті болар, аталған түрме ЮНЕСКО Әлемдік мұрасының тізіміне де енген екен.

 

Мемлекеттік түрме

Дания

Шығыс Ютландияның Мемлекеттік түрмесі осыдан шамамен 10 жыл бұрын ашылған екен. Сыртынан қарағанда қарапайым дизайнға ие бұл ғимарат жоғары қорғаныс деңгейімен, соның ішінде инфрақызыл камералармен, қозғалыс құрылғыларымен және саусақ ізтаңбаларының сканерімен жабдықталған.

 

Әділет павильоны

Нидерланды

Нидерландыда орналасқан Жастар орталығы бостандықты мүлдем шектемейді екен. Мұндағы қамаудағылар табиғат аясында серуендеу мүмкіндігіне ие. Ең ғажабы – бұл жерден әлі ешкім қашуға бел бумаған.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Төлеш

Қайта тәрбиелеу дегендері дұрыс екен

Дастан

Абақты деген осындай болу керек, біздің абақтыға біраз отырып шықандар жарамай қалады, мысалы байқамай адам қағып кеттіп түрмеге отырып қалды делік, негізі қылмыскер емес(адамның басына кірпіш те құлап ажал тартуы мүмкін), жақсы адам отырып шыққаннан кейін мінезінде жаман өзгерістер жиналып шығады, ал абақты адам тәрбиелеу керек! Бірақ біздің жалпы система дұрыс емес. Адам қорыққаннан емес, тәрбие, ақыл, мәдениеттілігінен қылмыс жасамау керек. Қоғам соған бет бұру керек. Система соған бару керек. Ол үшін жоғарыдағылардың басым бөлігінің құндылықтары мал-мүлік, атақ-абырой, мақам-құрмет емес, тәрбие, ақыл, мәдениет, әділет, адамгершілік, білім, ғылым... болу керек.

Аманғали

Міне дамыған елдер. Түрмелерінің өзі мықты. Абақтыдағыларға осындай жағдай жасап жатса, халықтарына одан да жақсы қарайды. Айлықтары жоғары, қала-көшелері, ғимараттары, жолдары сапалы! Медицина дамыған. Зейнетақы, пособиялары жақсы. Ғылым-білім, технологиясы озық. Адамгершілік пен әділет бар. Әділет, адамгершілік бар жерде даму да болады. Үйрену керек.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз