Өлең, жыр, ақындар

Бордың адам ағзасына тигізер химимялық әсерін зерттеу

№16 колледжі
Жаратылыстану–математика пәндері әдістемелік бірлестігі
Орындаған:
Есиркеп Мейіржан Сабитұлы ​Ж-56 топ студеті  

                                                                                  

МАЗМҰНЫ
Аннотация

КІРІСПЕ
Бордың шығу тарихы, қасиеттері, қолданылуы

І.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Бордың физико-химиялық қасиеттерін тәжірибе жолымен анықтау
2.Тәжірибе бөлімі бойынша қорытынды 

II.МЕКТЕП БОРЫНЫҢ МҰҒАЛІМДЕР МЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҚТАРЫНА ӘСЕРІ
1-Қосымша. Дәрігерден алынған мәлімет

ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

АННОТАЦИЯ

Қазіргі таңда балалардың басым көпшілігінде тыныс алу жолдарының аурулары кездеседі. Бұндай балаларға бордан таралатын ұнтақтан зиян келетіні белгілі. Сабақта борды қаншалықты қолданатынымыз белгісіз. Күнделікті қолымызға ұстап жүрген бордың адам ағзасына қандай әсері бар екен деген оймен, оның адамға тигізер химиялық әсерін білгім келді. Біз болашақ еліміздің жастарымыз, сондықтан да деніміздің сау болғанын қалаймыз. 

Жұмыс үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды.

Мақсаты: Мектеп борының адам ағзасына тигізетін химиялық, физикалық қасиеттерін зерттеу.

Өзектілігі: Мектептерде қолданып жүрген бордың құрамындағы заттардың адам ағзасына тигізетін зиянды әсері болғандықтан, студенттердің денсаулықтары на алаңдаушылық туғызып отыр. 
Мәселе туындап жүргенімен колледжімізде зерттелмеген, сол себептен де, дәрігерден тынысалу жолдарымен ауыратын балаларды анықтап, сауалнамалар алу арқылы зерттеу жұмысын қолға алу.

Кіріспе
Мектептің негізі білім беретін көзі-мектеп боры екені бәрімізге мәлім. Талай жылдардан бері бор мен тақтаның арқасында білім алып жатқан адамдар қаншама. Алайда заман өзгеріп жатыр, мектептің материалдық базасы жаңару үстінде,тақта мен бордың келешекте қажеті де болмайтын шығар.Заманауи кезеңде ғылым мен техниканың дамып,қарыштап жатқанында еліміз ілгері,жаңаша қадамдауда. Қазіргі мектептерде интерактивті, маркерлі тақталар шығып жатыр. Әрине бұндай тақталар әр сыныпта тұрса игі еді. 
Оқушылар мектепке денсаулықтарын жақсарту мақсатында келеді. Балаларды көпшілігінде тыныс алу жолдарының аурулары кездеседі. Бұндай балаларға бордан таралатын ұнтақтан зиян келетіні белгілі. Бор тақтаның бетінде сызықтар қалдырады, арасында ұсақ тастары бар, көзге көрініп тұрады. Жазғаннан кейін ұсатылып шашылады, адамның киіміне, қолына жабысады. Бордан қолдың терісі құрғап, қатаяды, шаңынан тыныс алу қиындайды.
Бордың адам ағзасына тигізетін әсері туралы мұғалімдерден сауалнама жүргізілді. 
Дәрігермен кеңесу өткізілді. Бордың адам ағзасына химиялық әсері бағаланды.
Сондықтан да мектеп борының адам ағзасына тигізетін химиялық қасиеттерін зерттеу жұмысымның мақсаты болды. 

Туындаған мәселе: Сапасы төмен мектеп борының мұғалімдер мен оқушылар үшін тигізетін химиялық әсерінен түрлі аурулар туындауы мүмкін.

Зерттелетін жұмысымның тақырыбы: Бордың адам ағзасына тигізетін химиялық әсері
Мақсаты: Мектеп борының адам ағзасына тигізетін химиялық қасиеттерін зерттеу.
Міндеттері: 
1. Мектеп борының шығу тарихы, оның қасиеттері және қолданылуы жөнінде ақпарат жинау.
2. Мектеп борының химиялық құрамын анықтау, сандық және сапалық жағын тәжірибе жүзінде зерттеу, оны қаншалықты қолдануға болатынына талдау жасау, басқа мектеп борымен салыстыру.
3. Мектеп борының адам ағзасына тигізетін әсері жайында мұғалімдермен әлеуметтік сауалнама жүргізу.
4. Мектеп дәрігерімен кездесу,тыныс алу жолдарымен ауыратын оқушылар жөнінде мәлімет алу.
5. Мектеп борының ағзаға тигізетін әсеріне талдау жасау.

Жұмыс барысында зерттеудің төмендегідей әдіс-тәсілдер қолданылды: 
- қажетті мәліметтерді кітапханадағы оқулықтан,интернеттен іздеу, талдау жасау;
- химиялық тәжірибе;
- колледж дәрігерімен кездесу.


БОРДЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ, ҚАСИЕТТЕРІ, ҚОЛДАНЫЛУЫ

Бор - кокколито-форидтер деп аталатын планктонды теңіз балдырларына тән кальцитті қаңқалар есебінен қалыптасқан ақ түсті шөгінді тау жынысы, жұмсақ және ұсақталғыш. Суда ерімейді.
Негізінен бордың химиялық құрамында кальций карбонаты мен магний карбонатының аздаған мөлшері мен металл оксидтері де кездеседі. Кварцтың ұсақ түйіршіктері мен теңіз ағзаларының қалдықтарынан жиналған микроскопиялық кальциттің псевдоморфозы бар. Тақтаға жазып жүрген бордың құрамында теңіз жалғанаяқтарының қаңқаларынан тұрады. Теңіз жалғанаяқтарының өлген қаңқалары теңіздер мен мұхиттардың түбінде шөгінді болып, жиналады. Мыңдаған,миллиондаған жылдар бойы жиналған үйінділерден әкті,борлы таулар қалыптасады. Бұл таулар судан биіктеп құрғақ жерде тау жыныстарын түзеді. 
Жүздеген жылдар бойы борды адамдар түрлі мақсатта қолданып келеді. Мектепте қолданып жүрген борлар ұсатылып қалмауы үшін,байланыстырушы қоспалар қосылады. Бояулар қосып,түрлі-түсті борлар да алуға болады. 
Бор — борлы қағаз жасауда қажетті өнім,сапалы баспа қағаздарын шығарғанда қолданады. Ұсақ бор ақтау жұмыстарына, қабырға, төбелерді әктеуде пайдаланады. Ағаш діндерін қорғау үшін қолданады. 
Борды бояу өнеркәсібінде, ағарту жұмыстарына, резеңке, қағаз, қант жасағанда пайдаланады. Қант өнеркәсібінде қант қызылшасының түсін ағарту үшін, сіріңке өнеркәсібінің де қажетті өнімі ретінде жаратады. Полипропилен және полиэтилен өндіргенде қосымша зат ретінде қолданады. Адам ағзасына кальций элементі бар,жетіспеген жағдайда тағамға қосымша тамақ ретінде ұсынады.
Борды шыны өнеркәсібінде,шыныны қайнату кезінде қосады. Химиялық әсерлерге қарсы қасиеті бар болғандықтан оны кеңінен қолданады.

І НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Бордың физико-химиялық қасиеттерін тәжірибе жолымен анықтау.
Ақпарат жинау барысында келесі көрсеткіштер анықталды: 
•    түсі;
•    үгілгіштігі;
•    былғағыштығы ;
•    қаттылығы. 
«Бордың негізгі сапалық көрсеткіштері» кестесі
-    Сынама алынған жер
-    Түсі
-    Үгілгіштігі
-    Былғағыштығы
-    Қаттылығы

Зерттеуге алынған мектептер мен нәтижелері
Дарын  мектеп-интернат
ақ
орташа
орташа
жоғары

№1 М.Әуезов  атындағы жалпы орта мектеп
ақ
орташа
орташа
жоғары

Шардара орта мектеп лицейі 
ақ
орташа
орташа
жоғары

М.Горкий орта мектебі
ақшыл сұр
орташа
жоғары
орташа

Химиялық құрамы %: 
85-98 CaCO3 0,2-0,3 MgO 0,5-0,6 SiO2 0,2-0,4 Al2O3 
0,02-0,7 FeO + Fe2O3 

Физикалық қасиеттері: 
Тығыздығы 2,70 – 2,72г/см; салмағы 1,42- 1,56 г/см; ылғалдылығы 30-33%

Мектеп борына сапалық талдау жасау
Бордың негізгі құрамына кальций карбонаты кіреді. Табиғи бордың құрамында ешқандай қоспалар болмайды. Қолданылып жүрген борлардың құрамында крахмал, ғаныш (гипс) сияқты байланыстырғыш заттары болады. 
Ал, мектеп борын дайындағанда құрамына қандай байланыстырғыш заттарды қосқанын білу үшін, тәжірибе жүзінде дәлелдеп, сапалық реакция жүрізілді. 

Практикалық жұмыс «Борды сапалық талдау»
Қажетті құрал-жабдықтар: 1)микроскоп; 2)заттық шыны; 3)тамшуыр; 4)сақинасы бар лабораториялық тұрғы; 5)сүзгіш; 6)тығыны бар газ жинағыш құрал; 7)кәрлен келіше,келсабымен; 8)химиялық стакан; 9)сынауықтар; 10)сүзгі қағазы; 11)шыны таяқшалар; 12)мектеп борының үлгілері; 13)дистильденген су; 14)әкті су; 15)тұз қышқылы (сұйылт.); 16)қасық; 17)спиртшам; 18)сіріңке; 19)қысқыш; 20)йодтың спирттегі ерітіндісі. 

Карбонат - аниондарды (СО32-)анықтау.
Сынауыққа ұсақталған борды салып,үстіне аздаған мөлшерде HCl тұз қышқылын құямыз.Тез арада сынауықты тығыны бар газ өткізгіш құралға бекітіледі. Құралдың бір ұшын 2-3 мл әк суы бар сынауыққа жібереміз. Бірнеше минут бақылаймыз,егер әк суында көмірқышқыл газының көпіршіктері пайда болса,әк суы лайланып кетеді.Тәжірибе арқылы бордың құрамынадағы карбонат – анионды (СО32-) анықтаймыз.

Крахмалды анықтау. Крахмалды анықтау үшін борды спиртшамның жалынына ұстаймыз. Бордың Құрамындағы көмірсуды (крахмалды) анықтаймыз (көмірсуларды қыздырған кезде көмірленеді). Крахмалдың сапасын анықтағанда иод ерітіндісін де қолдануға болады. Зерттелетін бордың түйіршіктеріне 2-3 тамшы иод ерітіндісін тамызамыз.Иод ерітіндісінің әсерінен түсі көк түске боялу керек.

Ғанышқа микрокристаллдық реакция жүргізу.
Микрокристаллдық реакция арқылы құрамындағы ғаныш тәрізді байланыстырғыш заттарды анықтауға болады. Зерттелетін әр сынамадан 1 граммнан алып, келіде ұсақтап, 2 мл дистильденген су құйып,шыны таяқшамен араластырамыз. Алынған ерітіндіні сүзгі қағазынан өткізіп, сүзіп алу керек. Алынған сүзіндіні отқа қойып,суын буландырып, криссталлдарын аламыз.
Дайын препаратты микроскоппен қарау арқылы (егер бордың құрамында ғаныш болса, пішіндері ине тәрізді) ғаныштың криссталлдарының өскенін көруге болады. 

Кальций катиондарын анықтау (Са2+). 
Бордың құрамындағы кальций катиондарын анықтау үшін бордың ұсақ түйірлерін алып,спиртшамның жалынына ұстаймыз. Құрамында кальций катиондары болса жалынның түсі қызыл-қызғылт түске боялу керек.

ТӘЖІРИБЕ БӨЛІМІ БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫ

Алынған нәтижелерді кестеге түсіреміз. Зерттеуге 4 мектептен сынама алынған болатын.

Карбонат - аниондарды (СО32-анықтау
Крахмалды анықтау
Ғанышты анықтау
Кальция катиондарын анықтау (Са2+).

Дарын  мектеп-интернат 
бар 
қарайды,
көк түс 
Ине тәрізді криссталлдар 
қызыл-қызғылт 

№1 М.Әуезов  атындағы жалпы орта мектеп
бар 
қарайды,
көк түс 
Ине тәрізді криссталлдар 
қызыл-қызғылт 

Шардара орта мектеп лицейі 
бар 
қарайды,
көк түс 
Ине тәрізді криссталлдар 
қызыл-қызғылт 

М.Горкий орта мектебі
бар 
қарайды,
көк түс 
Ине тәрізді криссталлдар 
қызыл-қызғылт 

ЗЕРТТЕУ КЕЗЕҢІ БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫ

Алынған әр мектептің сынамаларының құрамы зерттелді. Нақты дәлелдемелер арқылы тәжірибе жүргізілді.
Карбонат - аниондарды (СО32-)анықтау барысында нақты нәтиже көрсетілді. Бордың құрамындағы кальций карбонаты тұз қышқылымен анықталады. (көмірқышқыл газының бөлінуінен әк суы лайланады). Жасалынған тәжірибені химиялық реакция теңдеуімен өрнектедік. Теңдеу ион алмасу реакциясымен жүргізілді.
СаСО3 + 2HCl → СаCl2 + СО2↑ + Н2О
СО32- + 2Н+ → СО2↑ + Н2О
СО2 + Са(ОН)2 → СаСО3↓ + Н2О
Нәтижесінде 4 сынамада да карбонат аниондарының бар екенін көрсетті.

Крахмалды анықтау. 
Крахмалды анықтаудың 2 әдісі бар:
1. Бор отқа біраз уақыт қыздырылғанда, ол қарайып кетті, яғни оның құрамында крахмалдың бары анықталды ,себебі көмірсуларды қыздырған кезде көмірленеді.
2. Крахмалдың сапасын анықтау үшін иод ерітіндісі қолданылды. Зерттелетін бордың түйіршіктеріне 2-3 тамшы иод ерітіндісін тамызғанда, бордың түсі көгерді. Демек крахмалдың барын дәлелдеді.
4 сынамада да крахмалдың мөлшері бар екенін дәлелденді. 

Ғанышты анықтау. 
Ғанышты анықтауда микрокристаллдық реакция жүргізілді. Нәтижесінде ине тәрізді криссталлдар 4 сынамада да кездесті, демек ғаныштың барын дәлелдейді. 
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей химиялық қоспалар бар, сондықтан да шамадан тыс көп пайдалануға болмайды.

Мектеп борының мұғалімдер мен оқушылардың денсаулықтарына әсері
Адамның басты байлығы - денсаулық екенін білеміз. Денсаулықты сақтаудың қандай жолдары бар екені де айтылып жүр, дегенмен де осы мәселе бүкіл дүние жүзінде қаралып жатқанмен де, шешімі болмай жатқан сияқты. Әр салада қызмет етіп жатқан түрлі мамандық иелері мен білім алушылардың да, қоғамдағы барлық адамдардың денсаулық жайында қозғалатын мәселелері аз емес. 
Қазіргі таңда өмір сүріп жатқан адамдардың көпшілігінде аллергия, бронхиалды демікпе, жүрек-қан тамырларының аурулары белең алып бара жатқандай. Жаңа дүние есігін ашқан жас баладан еңкейген қарияларға дейін осындай аурулармен зардап шегіп жатқандары қаншама. 
Біздің қарастырып отырған мәселеміз де, мектеп борының денсаулыққа тигізетін әсері болғандықтан, денсаулық жайында сөз қозғап отырмыз. Мектепке алғаш барған бала ең алғаш борды ұстап, пайдалануды үйренеді. Мектеп бітірген соң да жоғарғы оқу орнындарында да осы бормен жұмыс жасайды. Статистикаға жүгінетін болсақ адамның шамамен өмір сүретін уақытын 75 жыл деп есептесе, бала 6 жастан-17 жасқа дейін мектепте 11 жыл оқиды. Жоғары оқу орынында кем дегенде 6 жыл, кейбіреуі ары қарай жалғастырып жатады. Ал ұстаздық жолды жалғастыратындар зейнетке шыққанша мектепта жұмыс жасайды. Кем дегенда 40 жыл. Жалпы есептесек 57-60 жылдай мектепте борды пайдаланамыз.
Мектеп боры талай жылдардан бері білімнің негізгі көзі ретінде пайдаланылып келе жатқанын білеміз, бор мен тақтаның арқасында қаншама ғалымдар, зиялы қауымдар да шығып жатыр, әйтседе заманымыз жаңарып жатыр, қазіргі кездегі оқушының да мұғалімнің де денсаулығы қуанатын жағдайда емес, ауаның құрамының өзгеруінен бе, химиялық заттардың көптеп шашылуынан ба, экологялық мәселелер туындап жатады, сондықтан да көпшілігі тыныс алу жолдарының ауруымен жиі ұшырасып жатады. Біз егер борды ары қарай жалғастырып пайдаланатын болсақ, болашақ ұрпақтарымыз қандай болар деп ойға батасың. Сонда мынандай қорытынды жасауға болады мектепте жұмыс атқаратындардың денсаулықтары, оқушылардың болашағы алаңдатар мәселені туындатады.
Мектеп борын экологиялық жағынан таза, қауіпсіз деп қолдануға береді,дегенмен де, қолдану барысында оның шаңын жұтамыз, қолымызды былғаймыз, кейбір оқушылардың жеп жүргенін де көреміз. Ал оның құрамында әк, ғаныш, крахмал, ПВА, БФ, казеин желімдері, бояғыш тәрізді қаншама химялық заттар бар, ағзаға зиянды деп айтуға болады. 
Барлық дәлелдемелерді, статистикалық мәліметтерді ескере отырып, мектеп борының қаншалықты әсері бар екенін білу үшін зерттеу жұмысы ары қарай жалғастырылды.
1-Қосымша. Дәрігерден алынған мәлімет
Мектеп борының біздің студенттердің денсаулығына қаншалықты зиян келтіретіні жайында бірнеше зерттеу жұмыстары жүргізілді. Адам ағзасына қаншалықты зиян екенін білу үшін мектеп дәрігерімен кездесу болды.
Дәрігердің айтуы бойынша мектеп борын көп пайдалануға болмайды, әсіресе туберкулезбен ауыратын балаларға бар борды шамадан тыс көп пайдалану зиянды. 

Біздің ұсынысымыз:
Колледж мұғалімдеріне айтарымыз, мектеп борынан туындайтын кері әсерді азайту үшін кеңестер айтқымыз келеді:
1. Жұмыс кезінде борды пайдаланған соң, қолды жұмсартатын сабынмен үнемі жуып отыру; 
2. Қолды жұмсартатын жақпа майды жиі пайдалану;
3. Тақтаны тек ылғалды шүберекпен тазартып,жуу;
4. Тақта сүртетін шүберекті әр сүрткен сайын жуып тазартып отыру;
5. Тақтаның шүберегін жиі ауыстырып отыру.

ҚОРЫТЫНДЫ
Мектеп боры - оның құрамында әк, ғаныш (гипс), крахмал, ПВА, БФ, казейн желімдері, бояғыш тәрізді қаншама химялық заттары, ағзаға зиянды.
Зерттелген бордың үлгілерінің құрамында кальций карбонатының 40 тан 80%-ға дейін ғаныш (гипс) бар. Сыртқы түр-түсі бірдей болғанымен, зерттей келе химиялық құрамындағы қоспаларында айырмашылық бар екенін байқадық.
Ақпараттарды жинастыру кезінде бор туралы мағлұматтар алынды. Мектеп борын зияны жоқ, экологиялық таза, қолданылуға болатын зат ретінде пайдаланғанымен де құрамындағы көптеген зиянды заттарын анықтай отырып, тигізетін бірнеше зияны бар екенін, оның оқушыларға, мұғалімдер  үшін де кері әсерінің бар екенін білдік. Кейбір оқушылар борды жазып қана қоймай, оны жейтінін де білеміз, дегенменде қазіргі борлардың құрамында желім тәріздес заттар, гипс, крахмал, әкті заттар бар екенін көпшілігі біле бермейді.
Әсіресе оқушылар денсаулықтарын түзеп жатқанда, осындай ұсақ-түйек іспеттес заттарды да қолданудың пайдасы мен зияны жөнінде білгендері жөн деп білемін. Қазіргі әлемдегі болып жатқан,білім саласындағы жаңа өзгерістермен бірге, осындай мәселелерді де басшыларымыз қарастырса екен деп ойлаймын. Сонда ғана елімізде дені сау ұрпақтар өніп-өсер еді.
Қазіргі мектептерде интерактивті, маркерлі тақталар шығып жатыр. Әрине бұндай тақталар әр сыныпта тұрса игі еді. Біздің мектепте 13 сынып бөлмесі бар, ал интерактивті тақта төртеу, қалған сыныптар мектеп борын пайдаланады.
Біздің ұсынысымыз да осы бордың орнын басатын маркерлі, интерактивті тақталар әр сынып бөлмесінде болса, кез-келген оқушының өміріне қауіпсіз болар еді. Зерттеу жүргізу мен үшін қызықты болғанымен, химияның қыр-сырын білдім, түрлі зерттеу жүргізу арқасында жоспар құруды, нақты нәтиже жасауды үйрендім. Барлық тәжірибенің қорытындысын математикалық мәліметтерге жүгіне отырып, қорытынды жасалынды. 


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Химия без формул. / А.А. Карцова,1954,93-бет.
2. Оқушы анықтамасы./М.С.Сәулебекова,224-225-бет.
3. Оқушы анықтамасы./ М.С.Сәулебекова,2-кітап,220-221-бет.
4. Справочник школьника. Химия / Сост. М. Кременчугская, С. Васильев. М.: Филолог, 1995. 380-бет
5 .Б.А.Введенский.Большая советская энциклопедия./  Б.А.Введенский; -1954.2 басылымы.93-бет.
6 .Я познаю мир: Детская энциклопедия: Химия / Авт.-сост. Л.А.  Савина. – М.АСТ, 1995. – 448 бет.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Нет имени

Менің аяғым ауыр. Мен қазір бор жеп жүрмін. Көп емес. Балама қаншалықты зиян

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар