Мақсаты: Мектепке дейінгі балалардың мнемокесте арқылы балалардың сөздік қорын дамыту,есте сақтау қабілетін арттыру, көркем әдебиеттің мазмұнын түсініп сұрақтарға толық жауап беруге үйрету.
Міндеттері:
Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді тіктеген кезеңде қолға алар ісіміздің бірі де, бірегейі де ұрпақ тәрбиесі. Қазақ халқының сан ғасырлар бойы қалыптасқан тілі мен мәдениетіне мойын ұрып, ұрпағымызға төл тәрбие, ұлттық тағылым беру бүгінгі күннің басты ісі. Бүгінгі мектепке дейінгі ұйымның тәрбие-оқыту жұмысының сапасын қазіргі кезеңге сай қалай жақсарту керек дегенде, ең бастысы ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінің формаларымен оның құрылымын жетілдіру, оқытудың жаңа әдіс тәсілдерін жетілдіру.
Халық даналығында былай деп айтылған: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте». Біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әр азаматқа өз тілінде сөйлеуге, салт – дәстүрін сақтауға мүмкіндік береді. Сондықтан біздің республикамызда тұратын әр халықтың мемелекеттік тілді үйренуге ынтасы зор. «2050 бағдарламасына» сәйкес әр қазақстандықтар мемлекеттік тілде сөйлеуге міндетті.Соған орай жаңа технологиялар арқылы балалардың сөздік қорын дамытуда Мнемотестенің маңызы зор.
Мнемокесте (тірек сызба) – есте сақтау қабілетін жеңілдететін және қосымша ассоциацияларды құраумен есте сақтау көлемін кеңейтетін әр түрлі тәсілдердің жүйесі.
Мнемокесте бойынша жұмыс жүргізу кезеңдері 3 кезеңнен тұрады:
1. Кестені қарастыру және бейнеленген суреттерді талқылау
2. Жалпы символдардан бейнелерді жаңғырту, мысалы: Үй – шатыр, қоян – ұзын құлақтар т.б
3. Қайта кодтаудан кейін құрастырған символдар бейнелер бойыша әңгімені, ертегіні, тақтақтарды мазмұндап бер.
Мнемокесте мынадай бағыттар үшін қолданылады:
1. Сөздік қорларын байыту
2. Сөздің дыбыстық жағын дұрыс айтуға үйрету
3. Сөйлем, әңгіме құрастыру
4. Әңгімені құрастыру
5. Жұмбақтарды жасыру және жауабын табу
6. Тақпақтарды жаттау
Мнемокестелерді баланың деңгейіне байланысты беруге болады.
Мнемокестедесимволдардыбейнегеаударамыз. Сонда балағақонымдыболады.
Балалардыңақыл-ойына, қабілеттерініңдамуынажетудіңбірден – біржолы – өзаратілдікқарым-қатынас. Әр баланыңтабиғиқабілетінескереотырып, балағакөмекшіәрісүйемелдеушіболып, әрдайымжанындадостық қарым-қатынаста болсақ, оқыту мазмұнынжаңғыртуға, әрітиімдіәдіс-тәсілдердікеңірекқолдануғаеркінжолашады. Мектепкедейінгібалаларғамемлекетік тілдіүйретудіңбастышарттарытоптажағымдыпсихологиялық климат, мейірімді орта, өз ана - тіліндетілдесудіңқуанусияқтыфакторларөзсебінтигізеді.
Мнемокесте және мнеможолдармен қалай жұмыс істеу керек.
Мнемокестенің дидактикалық материалы белгілі бір ақпарат жасырылған сызбалар болып табылады. Мнемокестемен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеру оқытудың уақытын біршама азайтып, сонымен бірге мынадай міндеттерді шешеді:
Мнемокестелер тақпақтарды жаттаған кезде ерекше тиімді. («Ойыншық, «Отан», «Біздің балабақша», «Бағдаршам»)Оның мазмұны мынада: әр сөзге немесе кішкентай сөз тіркесіне сурет (бейне) ойдан шығарылады. Осылайша, барлық тақпақтар сызба түрінде бейнеленеді.
Бұдан кейін бала графикалық бейнені қолдана отырып, есте сақтау арқылы тақпақты бүтіндей дыбыстайды.
Тақпақты жаттауға үйрету үшін керек суреттерді қолдану балаларды қызықтырады, ұйымдастырылған оқу іс –әрекетін ойынға айналдырады.
Суреттермен ілесе жүретін тақпақты тыңдағаннан кейін бала оны біршама тезірек есте сақтайды. Алдымен таңдалған тақпаққа тірек суреттерін іріктеп алу керек (әр бір жолға). Суреттер айқын танылатындай болуы қажет. Оны оқығаннан кейін балалар тірек суреттері бойынша айтып береді.
Бастапқы кезеңде тәрбиеші дайын сызба жоспарын ұсынады. Үйрете келе бала өзінің сызбасын құру үрдісіне де белсенді қосылады.
Сөздік қорды байыту, жаңадан үйренген сөздерді тұрақты қолданысқа түсіру, сөйтіп, сөздік қордың мазмұны жағынан байып, белсенділігі артыуы тәрбиешінің әдіскерлік шеберлігіне, балалармен жасалатын жұмыстың мазмұнына тікелей қатысты болады. Сондықтан әр тақырып бойынша жасалған тірек сызба арқылы балалардың тілін дамытуда жақсы нәтижеге жетуге болады.Тірек сызба арқылы балалар сурет бойынша әңгіме құрастырып,«Менің Қазақстаным», «Төрт мезгіл», Жемістер – көкеністер, Сүйікті құстарым, Сүйікті жануарым) өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады, сауатты сөйлеуге, келе-келе ойын мазмұндап айтып беруге үйренеді.Ең бастысы баланың тірек сызба арқылы тіл үйренуге деген қызығушылығы артып, бағдарлама бойынша үйренген сөздерді тұрақты қолданысқа түсіре алатын дәрежеге жетеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі