Қазақстанда жоғары оқу орындары саны тым көп деген пікірлер негізсіз. Бұл туралы жоғары білім беру жүйесін дамыту тақырыбындағы дөңгелек үстелде Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті.
«Біздің қоғамда білімге қатысты түрлі аңыздар айтылып жүр. Қазақстанда жоғары оқу орындары тым көп деген пікірлер жиі кездеседі. Бізде қазіргі кезде 130 ЖОО бар. Егер де халықтың жан басына шақсақ әрі жалпы көлемге назар аударсақ, онда Францияда 500-ден астам, АҚШ-та 5 мыңға жуық, ал бізде 130. Бұл тұрғыда абсалюттік көрсеткіштерге емес, халыққа шаққандағы коэффициентке қараған абзал. Осы орайда бізде жоғары оқу орындары соншалықты көп емес екенін байқаймыз. Негізі, мәселенің мәні санда емес, сапада екенін түсіну керек», - деді Асхат Аймағамбетов.
Бұдан кейін ол еліміздегі студенттер санына қатысты айтылып жүрген қауесеттерге тоқталды.
«Тағы біреулер бізде студенттер тым көп екенін алға тартуда. Шындығында, еліміздегі студенттер саны Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерімен салыстырғанда бірнеше аз. Керісінше бүгінде бізге осы бағытты дамыту керектігін айтудамыз», - деп ойын білдірді вице-министр.
Сонымен қатар ол қазіргі кезде білім саласына шамадан артық қаржы бөлініп жатқандығы қоғамда сөз болғандығына тоқталды.
«Нақтырақ айтқанда, қаржы жалпы ішкі өнімнен 3 пайыздан сәл астам деңгейде бөлінуде. Ал егер жоғары білімге тоқталсақ, онда оның үлесі айтарлықтай төмен. Сондықтан қоғамда көтеріліп жүрген негізгі мәселелерді білеміз және сол бағыттарда жұмыстарды жалғастырудамыз», - деді министрдің орынбасары.
ҚазАқпарат
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі