Ресей Үкіметінің басшысы Дмитрий Медведев қазақстандық IT мамандар үшін Ресейдің барлық есігі ашық екенін айтты.
«Сіз аша алатын барлық есікті ашып беруге дайынбыз», - деді Дмитрий Медведев журналистермен кездесуде «Атамекен» ҰКП IT кеңесінің төрағасы Мирус Құрмашевтің сұрағына жауап бере келе.
Сондай-ақ, Ресей Үкіметінің басшысы, ЕАЭО аясындағы IT нарығының аясы тар екенін назар аудартып, жаңа IT-компании компаниялар құруға шақырды.
«Достастық елдерінен IT индустрия өкілдерінің Ресейге келгенін біз құптаймыз, сонымен қатар, бізде ғана емес, олардың ЕАЭО аясында жұмыс істегені де керек. Себебі біздің нарығымыз ортақ. Олар әзірлеген өнімді кез келген мемлекетте қолдануға мүмкіндік бар», - деді ол.
Айта кетейік, бүгін Алматыда Еуразиялық Экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкімет басшыларының қатысуымен үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі